Перейти к содержимому

Дардамтыдағы таза бейсенбі

  • автор:

6 тамыз күні Ұйғыр ауданы Дардамты ауылдық округіне қарасты Дардамты ауылында да «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Бұл күні ауыл тұрғындары бір кісідей жұмылып, тазалық жұмыстарына белсене қатысты. Акцияға 50-ге жуық адам… 

Таза ауыл – тұрғындар айнасы

  • автор:

Бүгін Ұйғыр ауданында ұйымдастырылған «Таза бейсенбі» акциясына Бахар ауылының тұрғындары да белсенді қатысты. Таңмен таласып, сыпырғыш пен тырмаларына қолдарына алған тұрғындар ауылдың ең үлкен Достық, Илья Бахтия көшелеріне қарай жылжыды. Жұмысқа тек мекеме қызметкерлері ғана емес, ауылдың белсенді тұрғындары да араласты. Ауылдың қарттары бастап, жастары қоштап, жалпы саны жетпістен астам тұрғын бүгінгі тазалық жұмыстарына атсалысты.  Әркім өз шамасына қарай еңбек етіп, ортақ іскеүлес қосты. Бірі тазаласа, енді бірі жинап, ретке келтіріп отырды. Көшелер мен көпшілік жүретін орындарда жиналған қоқыс шығарылып, жолжиегін басып кеткен шөптер шабылды. Әсіресе бұрын назардан тыс қалып келген тұстарға көңіл бөлінді. Соның нәтижесінде ауыл іші біршама жинақталып, көзге жағымды көріне бастады.Нәтижесінде 1,5 гектар аумақ қоқыстан тазартылып, 2 тоннаға жуық қоқыс тиісті орынға шығарылды. Мұндай істердің мәні тек айналаны тазалаумен шектелмейді. Ол адамдардың өз ауласына, өз көшесіне деген көзқарасын өзгертеді. Тазалық сырттан келмейді, ол әркімнің өз әрекетінен басталатынын бахарлықтар осы жолы тағы бір мәрте дәлелдеді.… 

«Таза Қазақстан» – таза болашақтың кепілі!

  • автор:

Шарын ауылында өткен тазалық жұмыстары бұл жолы өзгеше сипат алды. Мәдениет қызметкерлері ауылдың кіреберіс бөлігін ретке келтіруді қолға алып, біраздан бері назардан тыс қалған аумақты тазартты. Жол жиегіндегі қалың өскен шөптер шабылып, тікенектер алынып тасталды.… 

Мәдениет тазалықтан басталады

  • автор:

«Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалуына Ұйғыр ауданының мәдениет қызметкерлері де өз үлестерін барынша қосып келеді. Бұл жолы аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері өз бастамаларымен аудан орталығы Шонжы ауылының кіреберіс аумағын тазалауды қолға алды. Мәдениет тазалықтан басталатынын жақсы… 

Тазалық бар жерде — береке бар

  • автор:

Елімізде республикалық экологиялық «Таза қазақстан» бағдарламасы жаппай өткізілуде. Елді бірлікке, тазалыққа насихаттайтын «Таза Қазақстан» акциясын өткізуге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми түрде тапсырмасы берілген болатын. Осы жауапкершілікті терең сезінген Кеген ауданының белсенді де жігерлі жастары… 

ІЛЕ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ӨТТІ

  • автор:

30 шілде күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Іле ауданында кезекті санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Экологиялық акцияға 2 500-ге жуық тұрғын қатысып, аудан бойынша 22 гектар аумақ тазартылып, 35 тонна қоқыс шығарылды. Бұл жолғы… 

Жауапкершілік – қауіпсіздік кепілі

  • автор:

Жаз мезгілінде демалушылар саны артатын Еңбекшіқазақ ауданындағы туристік орындарда қауіпсіздік талаптарын сақтау бағытындағы түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осыған орай Еңбекшіқазақ ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан Есік көлі мен Түрген… 

Таза ауыл – ортақ міндет

  • автор:

Қарадаланың төсіндегі Кетпен ауылдық округінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза ауыл – ортақ міндет» атты ауқымды тазалық акциясы ұйымдастырылды. Ауылдың көркеюі мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бұл шараға 100-ге тарта тұрғын белсенді қатысып, бірнеше техника… 

Елорда саябақтарында профилактикалық рейдтер өтіп жатыр

  • автор:

Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы мен «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында қоғамдық орындардағы тазалықты сақтау бойынша рейдтер тұрақты түрде жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Елордадағы барлық ауданның саябағы мен… 

Алматы облысында 4 мыңнан астам волонтер тіркелген

  • автор:

Алматы облысында волонтерлік қызметті дамыту жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Қазіргі таңда облыстық волонтерлердің фронт-офисінде 4 мыңнан астам тұрақты волонтер тіркелген.«Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің Ұлттық волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Айбек Досымбетовтің айтуынша, жыл басынан бері 300-ден…