-13 °c
Qonaev
Monday, July 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    74 оқушы республикалық олимпиадаға жолдама алды

    Алматы облысында республикалық пәндер олимпиадасының үшінші облыстық кезеңі аяқталды. Білімділер бәсекесінде 582 оқушы бақ сынап, олардың 258-і жүлдегер атанды.

    20.02.2023
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Алмаы облысындағы пәндер олимпиадасынақатысып, жеңімпаз атанған оқушыларды марапаттау салтанаты. 20 ақпан 2023 жыл.
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Оқуда оза шапқан жас өрендерді өңірдің бас ұстазы Салтанат Беспаева құттықтап, арнайы дипломмен марапаттады.
    «Бір апта бойы өткен білім сайысында дарынды оқушыларды жеңісімен құттықтаймын. Олимпиаданың аудандық және қалалық кезеңінде 6 мыңға жуық оқушы қатысса, облыстық кезеңде 582 оқушы сынақ тапсырды. Білім сайысының барлық кезеңінде ашықтық пен академиялық адалдық талаптары сақталды. Олимпаиданың қос кезеңі де оңай болған жоқ. Бұл сынаққа дайындық тек мектеп бағдарламасымен шектеліп қалмай, терең зерделеуді қажет екенін ұғындырды. Сіздер еліміздің нағыз «Алтын қорысыздар». Ел ертеңі өздеріңіздің қолдарыңызда»,-деді құттықтау сөзінде Алматы облысы білім басқармасының басшысы Салтанат Дауысбекқызы.
    Артынша ол білім теңізінде еркін жүзген жас дарындарға лайықты марапатын тапсырды.
    Облыстың «сен тұр, мен атайын» деген жастары жиналған білімділер додасында оза шыққандардың бірі – Есік «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы Мүслім Халел.
    «Олимпиадаға төрт жыл қатарынан қатысып келе жатырмен. Мен математика бойынша тест тапсырдым. Тапсырмалардың деңгейі оңай деп айтуға келмейді. Дегенмен, бұл сында сүрінбегеніме қуаныштымын. Мені дайындап, қолдау көрсеткен жетекшім Адикей Әлібекұлына алғысымды білдіремін», – дейді олимпиаданың 1-орын жүлдегері Мүслім Халел.
    Еске салайық, облыстың ең зияткер оқушылары 13-18 ақпан аралығында жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы саны 15 пәннен сынақ тапсырды. Олимпиада «El Umiti цифрлық онлайн платформасы» ақпараттық жүйесінде «1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера» қағидаты бойынша өткізілді.
    Темірдей тәртіпте ұйымдастырылған бұл сайыста сүрінбегендер лайықты тұғырларынан көрінді.
    «Олимпиаданың талабына сәйкес, қатысқан оқушылардың 45 пайызы жеңімпаз атанды. Оның ішінде жеңімпаз оқушылардың 20 пайызы 1 орын, 30 пайызы 2-орын иеленсе, қалған 50 пайызы 3-орыннан көрінді», – деді «Жас дарын» орталығының директоры Диана Тетенқызы.
    Айтк кетейік, алдағы наурыз-сәуір айларында Шымкент қаласында ресупбликалық олимпиада өтеді. Оған Алматы облысынан жаратылыстану-математика бағытында 38 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша 36 бала сынақ тапсырмақ.

    Анар Сабырова

    Ұсынымдар

    Алтынбек есімі ардақталды

    Алтынбек есімі ардақталды

    2 years ago
    Әкенің қас-қабағы

    Әкенің қас-қабағы

    5 months ago
    Олқылықтардың орнын толтыру қажет

    Олқылықтардың орнын толтыру қажет

    8 months ago
    Парижде өткен мерейтой

    Парижде өткен мерейтой

    8 months ago
    Домбыраның үнін әлемге паш етті

    Домбыраның үнін әлемге паш етті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.