Перейти к содержимому

Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысы бейнеленген карта. Көрнекі сурет.

14 ақпан күні кешке қарай Алматы облысы аумағында жер сілкінді деп хабарлайды Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті. Ресми мәлімет бойынша, қуаты 4,5 магнитудаға жететін зілзала ошағы 14 ақпан күні сағат 16:35-те Алматы облысының Түрген ауылынан 15 шақырым жерде тіркелді. Зілзаладан қандай да бір ғимарат, я нысанның қирағаны туралы мәлімет жоқ.