-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Елордада ауылшаруашылығының мәселелері мен даму келешегі талқыланды

    21.02.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Саясат, Экономика
    Ауылшаруашылығы саласындағы кәсіпкерлермен кездесу. Астана, 21 ақпан 2023 жыл.
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордада агроөнеркәсіп кешені саласындағы бизнес өкілдерімен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Жиында ауыл шаруашылығын дамытудың түйткілді мәселелері мен даму келешегі талқыланды.
    Кездесуде сөйлеген президент былтыр ауыл шаруашылығы саласындағы өсім 9,1 пайызды құрағанын айтты. Оның сөзінше, былтыр егін бітік шығып, диқандар 23 миллион тоннаға жуық астық жинады. Сондай-ақ егіс алқаптарын әртараптандыру және мол өнім беретін дақылдар өсіруге көшу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Майлы дақылдар өсіретін егіс көлемі шамамен 4 есе ұлғайып, 3,5 миллион гектарға жетті. Мемлекет басшысының айтуынша, бмұндай оң нәтижеге қол жетуде еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға зор үлес қосып жүрген ауыл азаматтарының еңбегі зор.
    Сонымен қатар президент аграрлық саладағы бірқатар түйткілді мәселені ашық талқылау аясында қарастыруды ұсынды.
    Кездесу барысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, көпсалалы «Родина» кәсіпорнының директоры Иван Сауэр, «Олжа Агро» ЖШС-нің бас директоры Айдарбек Қожаназаров, «Зенченко және К» шаруа серіктестігінің директоры Геннадий Зенченко, «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС-нің директоры Фарид Әбітаев сөз сөйледі.
    Олар өндірісті әртараптандыру, шикізатты толық өңдеу және жаңа агроөнімдерді өндіру, қант саласын дамыту, тұқым шаруашылығы, мал шаруашылығы және ветеринария, сондай-ақ ішкі нарықты қамтамасыз етіп, экспорттық әлеуетті арттыру мәселелерін қозғады.
    Жиын барысында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қаражат бөлу мен пайдаланудың тиімділігі, жер және су ресурстарын әділ бөлу мәселелеріне де ерекше назар аударылды.
    Аграрлық бизнес өкілдері ауылдарда өмір сүру сапасын арттыру, жол-көлік және әлеуметтік инфрақұрылымның, оның ішінде мектептер мен балабақшалардың жағдайын жақсарту, сондай-ақ кадр даярлау қажеттігін атап өтті.
    Жиын қорытындысында президент үкіметке айтылған барлық ұсынысты назарға алуды және кәсіпкерлердің пікірін ескере отырып, ауыл шаруашылығының жай-күйіне мұқият талдау жүргізуді тапсырды. Мемлекет басшысының пікірінше, агроөнеркәсіп кешені өкілдерімен мұндай кездесуді тұрақты өткізіп тұру керек.

    Ұсынымдар

    Жасанды интеллект әліппесі

    Жасанды интеллект әліппесі

    2 months ago
    IQanat Олимпиадасы: Алматы облысындағы 6,5 мың ауыл баласы не үшін күреседі?

    IQanat Олимпиадасы: Алматы облысындағы 6,5 мың ауыл баласы не үшін күреседі?

    7 months ago
    Асылдың сынығын ардақтайық

    Асылдың сынығын ардақтайық

    2 months ago
    Кәсіпкер желтоқсаншыға үй сыйлады

    Кәсіпкер желтоқсаншыға үй сыйлады

    2 years ago
    Ұлық болсаң, кішік бол

    Ұлық болсаң, кішік бол

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.