Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХII сессиясын шақыру туралы өкім шығарды. Кезекті сессия «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты тақырыпта өтпек.
ҚХА сессиясы 2023 жылы 26-27 сәуір күндері Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы консультативті-кеңесші орган саналады және Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерінің басын қосады. Бұған дейінгі кезекті ХХХII сессия былтыр 29 қыркүйекте “Халық бірлігі – жаңарған Қазақстанның негізі” деген тақырыпта өткен.