-13 °c
Qonaev
Saturday, July 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Дінмұхамед Қонаевтың жүлдесіне арналған ат бәйгесі өтті

    21.08.2023
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Мәдениет, Өңір тынысы, Спорт
    Дінмұхамед Қонаевтың жүлдесіне арналған ат бәйгесі өтті
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    Қарасай ауданындағы «GULNAR BAQ» спорт базасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Қонаевтың жүлдесіне арналған ұлттық ат спорты түрлерінен және жағажай волейболынан Алматы облысының ашық турнирі өтті.

    Жарыстың ашылу салтанатына ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысып, ізгі тілектерін білдірді.

    Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды.

    «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – Қазақстанды ұзақ жыл басқарып, елімізді өркендетуге өлшеусіз үлес қосты. Халқына адал қызмет етіп, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді. Халқымыз ұлы тұлғаның елге сіңірген еңбегін ешқашан ұмытпайды. Қапшағай қаласының Қонаев болып өзгертілуі – соның айқын дәлелі. Ардақты азаматтың өмір жолы өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге болары сөзсіз» – деп жазылған Президенттің құттықтау хатында.

    Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым өңірде ұлттық спорт түрлерінен түрлі деңгейдегі жарыстар өткізіліп келе жатқанын, оған қолдау көрсету үлкен мәртебе екенін атап айтты.

    «Бұл – ұлттық мәдениетімізді жаңғыртуда, оны насихаттауда жасалған қадам. Дінмұхамед Қонаев есімі жаңа Қазақстан қоғамында жаңаша жаңғыруда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қапшағай қаласына Қонаев есімі беріліп, Алматы облысының орталығына айналды. Дінмұхамед Ахметұлының еңбек жолы мен игі істері мәңгілік жадымызда» – деді Нұрлан Ерғалиұлы.

    Айтулы жарысты ұйымдастыруға мұрындық болған генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаевқа Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиевтің атынан ұлттық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хат табысталды.

    Волейбол жарысына биыл 32 команда қатысса, бәйгеге еліміздің барлық аймағынан сәйгүліктер сайысқа түсті.

    Жарыс нәтижесі төмендегідей.

    Топ бәйге (15 шақырым)
    І. Роза аты – иесі Мерхат Бұлғынов (Алматы облысы, Талғар ауданы)
    ІІ. Бұлбұл аты – иесі Арыстан Күдебаев (Алматы облысы, Жамбыл ауданы)
    ІІІ. Баян аты – иесі Әли Нұрмұхаметов (Жамбыл облысы, Қордай ауданы)

    Аламан бәйге (25 шақырым)
    І. Айсуат аты – иесі Бақытбек Мырзабаев (Алматы облысы, Жамбыл ауданы)
    ІІ. Падиша аты – иесі Әлімтай Молдасеитов (Жамбыл облысы, Қордай ауданы)
    ІІІ. Саудия аты – иесі Наил Фахриев (Жамбыл облысы, Қордай ауданы)

    Жеңімпаздарға автокөлік кілті, ал жүлдегерлерге ақшалай сыйақы табыс етілді.

    Ұсынымдар

    Егіз қыздар ерледі

    Егіз қыздар ерледі

    2 years ago
    Мемлекеттің, инвесторлардың және қоғамның мүдделерін қалай теңестіруге болады?

    Мемлекеттің, инвесторлардың және қоғамның мүдделерін қалай теңестіруге болады?

    4 weeks ago
    Әкім есебі: іс пен нәтиже

    Әкім есебі: іс пен нәтиже

    1 year ago
    Дәрігерлер денесінің көп жері күйген баланың жанын сақтап қалды

    Дәрігерлер денесінің көп жері күйген баланың жанын сақтап қалды

    1 year ago
    Сән әлеміндегі жаңа серпін

    Сән әлеміндегі жаңа серпін

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.