-13 °c
Qonaev
Tuesday, June 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сән әлеміндегі жаңа серпін

    31.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Сән әлеміндегі жаңа серпін
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

           Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында алғаш рет «Zhurgenov Fashion Day» сән көрсетілімі өтті. Бұл – жас дизайнерлердің шығармашылық әлеуетін арттыру мен қолдауға бағытталған маңызды жоба. Мұнда сән әлеміне қызығатын студенттер өз идеяларын жүзеге асырып, сұлулық сахнасындағы жаңа трендтерді ұсынуға кеңінен мүмкіндік алды.

    Сән әлеміндегі жаңа есімдерді танытатын ерекше жобада академия қабырғасында білім алып жатқан болашақ дизайнерлер, модельдер, продюсерлермен қатар тәжірибелі мамандар бас қосты. Сарапшылар жас дизайнерлердің еңбегін бағалап, әсемдік әлеміне қадам басқан модельдердің  шеберлігін тамашалады. Подиумда төрт ерекше сән бренді ұсынылып, бірінен-бірі асатын әсемдік көріністері таңдай қақтырды. Олар – «A’RNA» заманауи стиль мен инновациялық дизайн бренді, «INNERMONK» шаолинь философиясы мен минимализмді үйлестірген ерекше бағыт, «MAUE» театр элементтері мен commedia dell’arte эстетикасын біріктірген шығармашылық жоба, «SEITZHAN» ұлттық нақыш пен заманауи сәнді біріктірген этно-стильдегі бренд. Осы бағыттар бойынша өнер көрсеткен жастар көпшіліктің қошеметін иеленіп, жобаның маңызын арттыра түсті. Қазақстанның танымал дизайнерлері Расул Социал, Әсем Сапарғали, Абзал Сейдин және Алмас Керімбек  сұлулығымен сүйсіндірген «Taina», «Mulan», «Avanto», «Velada» және «Iconic» агенттіктерінің кәсіби модельдерінің жұмысын жоғары бағалады. Сонымен қатар, модельдік бизнес өкілдері мен сән саласының кәсіби мамандары да бұл шараға үлкен қолдау көрсетті. Оның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына академияның «Арт-менеджмент және продюсерлеу» және «Мода және дизайн» кафедралары да атсалысты.

    «Zhurgenov Fashion Day» жобасының авторы әрі бас продюсері – Жарықбол Орынбасар жобаның басты мақсатын тарқатып, маңызын талдап көрсетті. Ол өз сөзінде:

    • «Zhurgenov Fashion Day» – бұл шығармашылықты дәріптейтін, жас дизайнерлер мен сән әлемінің кәсіби мамандары арасындағы байланыс орнатуға арналған ерекше платформа. Жоба академия студенттері мен сырттағы сән индустриясының өкілдері үшін тәжірибе алмасудың бірегей мүмкіндігін ұсынады. Біздің басты мақсатымыз – жас таланттарды қолдау, оларға өз жұмысын таныстыруға мүмкіндік беру және отандық сән индустриясының дамуына үлес қосу. Сән – бұл тек киім түрлерін ұсыну емес, ол мәдениеттің, дәстүрдің және жаңашылдықтың көрінісі. Сондықтан біз «Zhurgenov Fashion Day» арқылы жаңа есімдерді ашып, Қазақстанның сән әлеміне серпін бергіміз келеді, – деп аталмыш жоба жас мамандар үшін үлкен мүмкіндік алаңы екенін айтып өтті.

    Жас дизайнерлердің шабыт пен шеберлікке толы өнері «Zhurgenov Fashion Day» сахнасында айқын көрініс тапты. Олардың әр туындысы – қиял мен еңбекті, ұлттық рух пен заманауи эстетиканы танытып, сән әлеміне ерекше серпін берді. Жас таланттардың сұлулыққа деген іңкәрлігі киімнің әрбір тігісі, ою-өрнегінен сезіліп тұрды.Олар сән – жай киім үлгісін жасау емес, өзіндік қолтаңба қалдыру  екенін осылайша дәлелдеп, ұлт мәдениетін таныту жолында жаңа леп әкелуге асық екендіктерін байқатты. Жобаның негізін қалаушы Жарықбол Орынбасардың айтуынша, аталмыш шара тек бүгінмен шектелмей, уақыт өткен сайын қанатын кеңге жая бермек. Расымен де шығармашылықтың шексіз көкжиегіне ұмтылған сән көрсетілімі алдағы жылдары да өз жалғасын тауып, өнерге құштар жастардың дарынын ұштай бермек.

    Құралбек СӘБИТОВ,

    Алматы қаласы

    Ұсынымдар

    Елордалық білім ұйымдарында тамақтану сапасы тексерілді

    Елордалық білім ұйымдарында тамақтану сапасы тексерілді

    9 months ago
    “Бизнеске жол” жобасының жұмыс барысы таныстырылды

    “Бизнеске жол” жобасының жұмыс барысы таныстырылды

    2 years ago
    Қазақстанда АЭС қолдаушыларының саны артып келеді – сауалнама

    Қазақстанда АЭС қолдаушыларының саны артып келеді – сауалнама

    9 months ago
    Ана жолын жалғаған

    Ана жолын жалғаған

    4 months ago
    Нарықтағы орнымыз нығайып келеді

    Нарықтағы орнымыз нығайып келеді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.