Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Өнеркәсіп – экономика тірегі

Өнеркәсіп – экономика тірегі

15 қаралым

Аудан экономикасының негізгі тірегі – кәсіпкерлік пен өнеркәсіп саласы. Қазіргі таңда ауданда 22,4 мың кәсіпкер тіркелген. Бұл бағытта 43 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Биыл өндірілген өнім көлемі 560 млрд теңгені құрап, 127,4 пайызға өсті. Нәтижесінде бюджетке 34,7 млрд теңге салық түсті.  «Бүгінде облысқа тартылған инвестицияның 12,7%-ы Талғар ауданына тиесілі. Биыл іске асырылған алты инвестициялық жобаның ішінде «SAN tyres» сауда-логистикалық хабы, «MK.PIMC.KZ» модульдік бетон үйлер өндіретін зауыты, «AMANAT» көлік-логистикалық орталығы бар. Бұған қоса, жыл соңына дейін 10 жоба аяқталады. Олардың қатарында «СтройИнвест» көпфункционалды өндірістік-логистикалық кешені, «Uneed Us» асфальтбетон қоспаларын өндіретін зауыты және «Alatau Green Production» жылыжай өндірісі бар», – деді Шыңғыс Сайранұлы.

Суретті түсірген – Аслан ҚАЖЕКЕ

Гүлзат БАЙҚОНЫС

Талғар ауданы

↑