Перейти к содержимому

Баспана бақыты

15 қаралым

Бүгінде Алматы облысының Талғар ауданында 9677 азамат үй кезегінде тұр. Соңғы екі жылда әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға 385 пәтер табысталды. Өткен айда Тұздыбастау және Түзусай ауылдарында 55 отбасы жаңа баспанаға қоныстанды.

Тұрғындарды көгілдір отынмен және тіршілік нәрімен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс атқарылуда. «Талғар ауданындағы 46 елдімекеннің 42-сі табиғи газбен қамтылған, бұл жалпы елдімекендердің 91,3%-ын құрайды. Биыл Қаратоған, Нұра, Өстемір және Туғанбай ауылдарын газдандыру жұмысы жүргізілуде және келесі жылы аяқтау жоспарлануда. Ауызсу сапасын жақсарту мақсатында Бесағаш ауылының оңтүстігіндегі жұмыстар тәмамдалып, пайдалануға берілді. Ал Кіші Байсерке және Ақдала ауылдарында 1 850 абонентті қамтитын, ұзындығы 52 шақырым су құбырын тарту жұмысы жүргізілуде», – деді Алматы облысының әкімі.

«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Тұздыбастау ауылында демеушілердің қолдауымен жаңа өрт сөндіру бекеті бой көтерді. Селден қорғау жұмысын күшейту мақсатында «Қазселденқорғау» мекемесінің облыстық филиалына қарасты «Талғар» диспетчерлік пункті қайта жаңғыртылып, іске қосылды.

Суретті түсірген – Аслан ҚАЖЕКЕ

Гүлзат БАЙҚОНЫС

Талғар ауданы

↑