Перейти к содержимому

Туризм түлеп келеді

16 қаралым

Жыл басынан Алматы облысының Талғар ауданына 60 мыңға жуық турист келді. Көрсетілген туристік қызметтердің көлемі 136,6 пайызға артып, 2,5 млрд теңгеге жетті. Бүгінде аудан Алматы тау кластерінің негізгі орталықтарының бірі ретінде дамып келеді. Мәселен, «Oi-Qaragai» курортын Ақтас бағытына дейін кеңейту жобасына 50 млрд теңгеден астам инвестиция салынып, 2 шақырым су құбыры тартылды. Енді электрмен жабдықтау және жолдарды жаңғырту мәселесі пысықталуда. Сонымен қатар «Bizdin аuyl» демалыс аймағына 1,5 млрд теңге инвестиция тартылып, елу адам жұмыспен қамтылды. Бүгінде 25 гектар аумақты алып жатқан демалыс орны жылына 40 мыңға жуық турист қабылдайды.

Суретті түсірген – Аслан ҚАЖЕКЕ

Гүлзат БАЙҚОНЫС

Талғар ауданы

↑