-13 °c
Qonaev
Thursday, June 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мемлекеттің, инвесторлардың және қоғамның мүдделерін қалай теңестіруге болады?

    09.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Парламент
    Мемлекеттің, инвесторлардың және қоғамның мүдделерін қалай теңестіруге болады?
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Алматы облысына жұмыс сапары барысында Respublica партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов өңірдегі бизнес пен өндірістік кәсіпорындардың өкілдерімен кездесті. Салалары әртүрлі болғанымен — білім беру, фармацевтика, тамақ өнеркәсібі — бәрін біріктіретін ортақ мәселе бар: күн сайын жүйелі қиындықтарға тап болатын, нақты іспен айналысатын кәсіпкерлер мемлекет тарапынан түсіністік пен пәрменді қолдауға мұқтаж.

    Ауылдық жекеменшік мектепте инфрақұрылымның тозуы мен шамадан тыс жүктеме білім беру сапасына кері әсер етуде. Қаржыландырудың кешігуі, мұғалімдердің әлеуметтік қолдаусыз қалуы, оқушыларға аттестат беруден бас тарту сияқты түйткілді мәселелер шұғыл шешімді қажет етеді.

    Халықаралық корпорацияның құрамында жұмыс істейтін фармацевтикалық зауыт – елімізде инфузиялық ерітінділер, антибиотиктер мен онкологиялық препараттар шығаратын ірі өндіріс. Дегенмен саладағы басты проблема — фармацевтикалық субстанцияларға толықтай тәуелділік. Шығарылатын өнімнің рентабельділігі төмен, бұл инновация мен өндірісті кеңейтуді тежейді.

    Сусын өндіретін кәсіпорын — еліміздегі ең ірі өндірістің бірі, өндірісті дамытуға миллиардтаған инвестиция салып отыр. Алайда салық жүктемесінің артуы, акциздер мен таңбалау секілді жаңа реттеулер саланың дамуына кері әсер етуі мүмкін. Нәтижесінде өндіріс көлемінің қысқаруы, жұмыс орындарының азаюы және көлеңкелі нарықтың өсу қаупі бар.

    «Әртүрлі салада жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар — еліміздегі нағыз экономиканың тірегі. Олардың мәселелері — жеке жағдай емес, жүйелік сипатқа ие. Мемлекет, бизнес пен қоғам арасындағы тепе-теңдікті табу үшін біз өңірлердің үнін естуіміз керек», — деді Айтуар Қошмамбетов.

    Respublica партиясының баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Қапшағайда Oceanman Kazakhstan-2024 сайысы басталды

    Қапшағайда Oceanman Kazakhstan-2024 сайысы басталды

    11 months ago
    Іле-Балқаш резерватында қарақұйрықтар фототұзаққа түсіп қалды

    Іле-Балқаш резерватында қарақұйрықтар фототұзаққа түсіп қалды

    2 years ago
    Алматы облысында Құрбан айтқа қатысты брифинг өтті

    Алматы облысында Құрбан айтқа қатысты брифинг өтті

    2 years ago
    Мәслихатта Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму есебі тыңдалды

    Мәслихатта Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму есебі тыңдалды

    2 years ago
    Ірі жобалар  жүзеге аспақ

    Ірі жобалар жүзеге аспақ

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>