Қазақстан азаматтары цифрландырудың игілігін өмірдің барлық саласында көруі тиіс. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Адам капиталының сапасын дәйекті және жүйелі түрде арттыру қажет. «Жайлы мектеп» жобасын тиімді іске асыруды қамтамасыз етіп, жоғары оқу орындары базасында академиялық артықшылық орталықтарын құруды жалғастыру қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы отандық ғылымның кешенді дамуын жеке бақылауына алатынын айтты.
«Одан бөлек, денсаулық сақтауды жаңа сапалы деңгейге шығару қажет. Ол үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру керек. Мұнда цифрлық шешімдердің көмегімен шығындарды бақылауды күшейту өте маңызды. Жалпы, цифрландыру экономиканың барлық саласын қамтып, азаматтарымыздың өмірінің барлық саласына енуі тиіс. Ол үшін ақпараттық технологиялар нарығын барынша ырықтандыру қажет», – деді Президент.