Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Аймақтағы кәсіпкерлікке серпін береді

Аймақтағы кәсіпкерлікке серпін береді

25 қаралым

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында еліміздің барлық өңірінде әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылды.
Мемлекет басшысы елдің тұрақты дамуы үшін экономикалық көрсеткіштерді жақсартумен қатар, азаматтардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелерді шешу қажеттігін атап өтті. Осы мақсатта ауқымды инфрақұрылымдық жаңғыруды жүзеге асыру және құрылыс саласын жандандыру міндеті қойылды. Бүгінде Қонаевта құрылыс қарқын алды. Облыс орталығында биыл алты бірдей еңселі ғимараттың іргетасы қаланады. Осы уақытқа дейін инфрақұрылымды дамыту, су, газ, кәріз құбырын тарту, сондай-ақ жобалау шаралары атқарылған. Қазіргі таңда Қонаевта 6 нысанның құрылысы бекітілген кестеге сәйкес белсенді жүріп жатыр. Алда тағы көптеген нысандар бой көтереді деген ойдамын.
Ауқымды құрылыс жобалары өңірлердегі кәсіпкерліктің дамуына да серпін беруі мүмкін. Құрылыс материалдарын өндіру, көлік қызметтері, инженерлік жұмыстар және басқа да салаларда қосымша сұраныс қалыптасады. Бұл шағын және орта бизнес субъектілері үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар инфрақұрылымдық жобаларға отандық өндірушілерді кеңінен тарту жергілікті экономиканың дамуына ықпал етеді.


Жақан АҚАЕВ, еңбек ардагері

↑