Бұл туралы баспасөз мәслихатында төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Самат Кенжехан айтты.
«Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің аумағында 10 өрт дерегі тіркелді. Ал елді мекендерден тыс жерлерде 48 құрғақ шөп өртену фактісі болды», – деді басқарма бастығы.
Самат Кенжеханның мәліметінше, департамент қызметкерлері орман шаруашылығы мекемелерімен бірлесіп, табиғи өрттердің алдын алу жұмыстарын бастады.
«Осылайша, рейдтік іс-шараларды өткізу үшін азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері мен жергілікті атқарушы органдардың 51 маманынан 10 мобильдік топ құрылды. Сонымен қатар 114 елді мекенге іргелес аумақтардың құрғақ өсімдіктерден және жанғыш қоқыстарынан тазартылғанын айта кеткен жөн», – деді Самат Кенжехан.
Басқарма бастығы жиын соңында табиғат аясына демалуға шыққан адамдарды қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға үндеді.
Alatau News