Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Алматы облысының туристік нысандарында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жұмыстар жүргізілді

Алматы облысының туристік нысандарында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жұмыстар жүргізілді

19 қаралым

Алматы облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті өңірдегі танымал туристік нысандарда, атап айтқанда, Көлсай және Қайыңды көлдерінде, Саты ауылында және Шарын шатқаны аумағында туристерге қызмет көрсету сапасын арттыру және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізді.

Аталған жұмыстар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарының Алматы облысының әкіміне жолдаған тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылды.

Департамент мамандары сауда және қоғамдық тамақтану саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шаралар барысында баға белгілеудің ашықтығын қамтамасыз етуге, тұтынушыларға тауарлар мен көрсетілетін қызметтер туралы толық әрі шынайы ақпарат ұсынуға, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнама талаптарын сақтауға ерекше назар аударылды.

Кәсіпкерлерге төмендегі талаптарды сақтау қажеттілігі түсіндірілді:

  • заңнама талаптарына сәйкес тұтынушы бұрышын ұйымдастыру;
  • тауарлардың баға белгілерін тұтынушыларға қолжетімді және көрнекі жерлерге орналастыру;
  • қоғамдық тамақтану орындарында тағамдардың атауы мен бағасы көрсетілген мәзірдің болуын қамтамасыз ету;
  • тауарлар мен қызметтердің құны туралы толық әрі шынайы ақпарат ұсыну.

Жүргізілген іс-шаралар тұтынушылардың құқықтарының бұзылуына жол бермеуге, кәсіпкерлердің жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ отандық және шетелдік туристер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Алматы облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті өңірдің туристік нысандарында тұтынушылардың құқықтарын қорғау, заңнама талаптарын түсіндіру және қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жалғастырады.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің

Алматы облысы бойынша сауда және

тұтынушылардың құқықтарын қорғау

департаментінің бас маманы Д.Сенбаева

↑