Полицейлер Алматы облысында бір үйдің бес адамы бірдей өлген қайғылы оқиғаның алдын ала себебін айтты деп хабарлады alataunews.kz. Полиция департаментінің мәліметінше, отбасы көміртегі тотығына уланып қалған.
«Аталған дерек дереу аудандық полицияда тіркелді. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Түпкілікті шешім сараптамалық тексерулердің нәтижелері шыққан соң қабылданады. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер көміртегі тотығымен уланған», – деп жазды полиция департаменті.
Бұған дейін 4 мамырда 1984 жылы туған ер адам және 2008, 2010, 2013 және 2018 жылы туған төрт бала уланып қайтыс болған. 1985 жылы туған әйел Шамалған ауылындағы ауруханада емделіп жатыр.