Қақазстан Президенті әкімшілігінің мақұлдауымен және Алматы облысы әкімінің өкімімен Дәулет Шайтұрсын облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Дәулет Шайтұрсынұлы 1988 жылы дүниеге келген, білімі жоғары. 2008 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2022 жылы Тұран университетін бизнес және басқару магистрі мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы «ҚызылордаОтын» ЖШС директорының көмекшісі қызметінен бастаған. Әр жылдары Қызылорда облыстық филармониясы, Қызылорда облысы әкімі аппараты, Алматы қаласы әкімі аппараты, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратында қызмет атқарған.
Өткен жылдың қарашасынан бастап Алматы облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.