-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Денсаулық

    Прокуратура: Өндіруші биологиялық белсенді қоспа туралы жалған жарнама жасаған

    15.12.2023
    in Денсаулық, Құқық-заң
    Прокуратура: Өндіруші биологиялық белсенді қоспа туралы жалған жарнама жасаған

    Фото: saumal-triptofan.kz

    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    Алматы облысы прокуратурасы әлеуметтік желіде, соның ішінде танымал блогерлер, спортсмендер және әртістердің парақшаларында тексеру жүргізіп, тағамға биологиялық белсенді қоспалардың (бұдан әрі-ББҚ) қасиеттерін асыра сілтеп, жалған жарнама таратылып отырғанын анықтады.

    Мәселен, әлеуметтік желіде «NEOSAUMAL, SAUMAL» сублиматтау әдісімен құрғатылған бие сүті қант диабетін, онкологиялық және басқа ауруларды емдейтін бірегей өнім ретінде жаппай жарнамаланған.

    Облыс прокуратурасы азаматтардың шағымдары негізінде Мемлекеттік кірістер департаментіне өнім жарнамасының растығын тексеріп, SAUMAL тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде жалпы нығайтушы, имундық ынталандырушы, тыныштандырғыш өнім ретінде тіркелгенін анықтады. Яғни, аталған өнім дәрілік қасиеті жоқ және жарнамада көрсетілген ауруларды емдеуге қабілетті емес.

    «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің (бұдан әрі-Кодекс) 56-бабының 2-бөлігіне сәйкес ББҚ-ның жарнамасы тұтынушыларға анық болуы, арнайы білімі болмаған жағдайда немесе арнайы құралдарды қолданбай-ақ түсініп-танитындай, тұтынушылардың сенімін теріс мақсатта пайдалану арқылы оларды жаңылыстырмауға тиіс.
    Тағы бір атап өтерлігі, Кодекстің 56-бабының 3-тармағының 11) және 13) тармақшалары бойынша жарнамада қан диабетін, онкологиялық және басқа ауруларды емдеу тәсілдерін, ББҚ-ларды бірегей, барынша қауіпсіз және тиімді жолы ретінде ұсынуға тыйым салынған.

    Осылайша, компания азаматтардың сенімін теріс пайдаланып қана қоймай, көрінеу жалған жарнаманы тарату арқылы әкімшілік құқықбұзушылық жасаған.
    Тексеру қорытындысы бойынша SAUMAL-дың өндірушісіне қатысты 30 қарашада ӘҚБтК-тің 157-бабы (Көрiнеу жалған жарнама) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 175 АЕК көлемінде (603 750 теңге) айыппұл салынып, өндіріп алынды.

    Алматы облысының прокуратурасы тұтынушыларға ББҚ-ларды, дәрі-дәрмектерді және басқа тауарларды сатып алар алдында білікті мамандардан олардың қасиеттерінің растығын тексеру керегін сұрайды. Сондай-ақ тауар өндірушілер сататын өнімнің мақсаты мен қасиетін асыра сілтеп жарнамалағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

    Еске салайық, ББҚ – бұл, тағаммен бірге қабылдауға немесе тағамдық өнімнің құрамына қосуға арналған табиғи немесе табиғимен бірдей биологиялық белсенді заттар, сондай-ақ пробиотикалық микроорганизмдер.

    Ұсынымдар

    Мәдениет ошағы қайта жанданды

    Мәдениет ошағы қайта жанданды

    6 months ago
    Ақын Еркін Ібітановтың бюсті бой көтерді

    Ақын Еркін Ібітановтың бюсті бой көтерді

    2 years ago

    Қан құрамын талдау

    1 year ago
    Өлкетануға қосылған үлес

    Өлкетануға қосылған үлес

    1 year ago
    Инвестиция: Қонаевта жоспардың 45%-дан астамы орындалды

    Инвестиция: Қонаевта жоспардың 45%-дан астамы орындалды

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>