-13 °c
Qonaev
Saturday, May 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Аласармас азамат

    07.05.2023
    in Әлеумет, БАҚ, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы
    Аласармас азамат
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Журналистика деген қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін шығармашылық мамандықтың майталмандары арамызда аз емес. Қоғам игілігі үшін талмай еңбек етіп, өңіріміздің дамуына зор үлес қосып келе жатқан қаламгер, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жетісу облысы, Қаратал ауданының Құрметті азаматы Жұмахмет Жайлаубаев та ұзақ жылдық абыройлы қызметінің зейнетін көрер жасқа келді.

    1976 жылы Талдықорған қаласында фотограф болып еңбек жолын бастаған Жұмахмет Жанахметұлы шеберлігін шыңдап жүріп, 1995 жылдан телеарнада оператор қызметін атқарды. 2001 жылдан «Жетісу» арнасында телеоператор болған ол журналистикаға терең бойлап, 2004 жылдан осы арнада редактор қызметін атқарады. Көрерменнің көңілінен шығып, қоғам тарапынан жоғары бағаланған діни-танымдық «Иманашар», тарихи-мәдени «Жәдігер», «Шыңғысханның шындығы», ұлттық тәрбие негізінде «Ойтүрткі», «Тіл тағдыры», «Шаңырақ», «Ғибрат» телебағдарламаларының авторы және жүргізушісі болды. 2010 жылдан бастап «Жетісу» телеарнасы қазақ редакциясының бас редакторы, 2011 жылы бас директордың орынбасары, 2015 жылы эфир және мұрағат жетекшісі, 2019 жылы бас продюсер қызметтерін атқарды.

    Соңғы жылдары «Өлке тынысы» ЖШС контент-менеджері қызметін атқарған Жұмахмет Жанахметұлы ұжымға үлкен жаңалықтар әкелді. Облыстық газеттерге апта сайын бейнешолу жасауды ұйымдастырып, басылымдардың әлеуметтік желі арқылы таралуына оң ықпал етті. Облыстық әкімдіктің мәжіліс залында еңбек демалысына шығуына орай бас қосқан әріптестері мен басқа да қонақтар жүрекжарды тілектерін айтып, естеліктерімен бөлісті. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бота Серікқызы Жұмахмет Жанахметұлының атқарған абыройлы істерін айтып, алғыс білдірсе, «Өлке тынысы» ЖШС басшысы Болатхан Айтмұхаметов білікті де тәжірибелі маман ретінде сіңірген еңбегін атап өтті. Ал халықаралық Д. Қонаев қорының өкілдері мерейлі күнге орай «Мерей» орденін салтанатты түрде табыстады.

    «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы», «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы», медальдарымен марапатталған, Марат Барманқұлов, Сағат Әшімбаев атындағы сыйлықтардың және «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері Жұмахмет Жайлаубаевты жаңа орденімен және абыроймен зейнет демалысына шығуымен шын жүректен құттықтаймыз!

    Баян МҰРАТБЕКҚЫЗЫ
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Бүкіл ел қостаған бастама

    Бүкіл ел қостаған бастама

    1 year ago
    Дауыс беру ақсақал батасымен басталды

    Дауыс беру ақсақал батасымен басталды

    2 years ago
    Арманға айналған ала доп

    Арманға айналған ала доп

    11 months ago
    «Строительная» саяжайындағы 1-трансформатор іске қосылды

    «Строительная» саяжайындағы 1-трансформатор іске қосылды

    1 year ago
    Ардагерлермен кездесті

    Ардагерлермен кездесті

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.