-13 °c
Qonaev
Tuesday, June 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында стенд атудан Әлем Кубогы өтіп жатыр

    22.05.2023
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Алматы облысында стенд атудан Әлем Кубогы өтіп жатыр
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    20-29 мамыр күндеріне ұйымдастырылған Әлем Кубогы Іле ауданындағы Александр Асанов атындағы ату клубында өтіп жатыр. Жарысқа 42 елден 300-ден астам спортшы қатысуда.

    Қатысушылар осы жарыста спорттық рейтингті ISSF кестесі бойынша көтеруге және келесі жылы Францияда өтетін XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндіктері бар.

    Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне келген Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары, шетел делегациясы, Алматы облысының әкімі ең алдымен арнайы тігілген қазақ үйлерге кіріп, тарихтан, дәстүрден сыр шертетін жәдігерлермен танысты.

    Бұдан кейін жиналған жұртшылыққа шағын концерт қойылып, қатысушы елдердің туы алаңға тігілді.

    Шарада стенд атудан халықаралық федерацияның (ISSF) президенті Лучиано Росси барша жұртты салтанатты ашылу рәсімімен құттықтап, жаттықтырушыларға, спортшыларға, шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

    «Қазақстан мәңгілік жүрегімде қалады. Түрлі елдердің федерацияларына алғысымды білдіремін. Бұл дода достықты да нығайтады», – деді Лучиано Росси.

    Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов бұл жарыстың спортшылар үшін маңызды дода екенін атап өтті.

    «Өздеріңіз білетіндей, келер жылы Олимпиада ойындары ұйымдастырылмақ. Сол жерде біздің спортшылар үлкен жетістікке жетуіне тілектеспін. Мұндай жарыстарда қазақстандық спортшылар шыңдалады деп айтуға болады. Әлемдік деңгейдегі спортшылармен бақ сынасу – үлкен тәжірибе. Қолдау көрсеткені үшін федерация басшыларына алғысымды білдіремін», – деді Алтай Көлгінов.

    Алматы облысының әкімі де сөз алып, спортшыларға тағы бір мәрте сәттілік тіледі.

    «Стенд атудан рейтингтік Әлем кубогына қош келдіңіздер. Бұқаралық спортты дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі және Ел имиджінің көрсеткіші. Бүгінгі өткізіліп отырған жарыс болашақта жоғары дәрежелі спортшыларды дайындап тәрбиелеуге үлкен септігін тигізетініне сенімдімін», – деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөзінде.

    Өңір басшысы стенд атудан Әлем Кубогының иегерлері Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенкоға Гейт сити аумағынан 2 бөлмелі пәтер кілтін табыс етті. Бұдан бөлек, Қазақстан Спорт және мәдениет министрлігінің атынан Лучиано Росси «Спорт саласының құрметті қайраткері» медалімен марапатталды.

    Сонымен қатар жарысқа Қазақстанның атынан қатысатын облыс тумасы, Әлем Кубогының иегері Әсем Орынбай бұл жарыста басты бәсекелес италиялық команда болатынын айтты.

    «Әлем Кубогының Алматы облысында өтіп жатқаны біз үшін мәртебе. Жарысқа тыңғылықты дайындықпен келдік. Додадағы басты қарсылас италиялық команда болмақ. Олар бірнеше рет чемпион атанған. Сондай-ақ жарысқа олимпиада чемпиондары да қатысатынын айта кеткен жөн. Біздің мақсат – финалға өту. Рейтингтік жарыс болғандықтан, біз мұнда ұпай жинаймыз», – деді спортшы.

    Alatau News

    Tags: жарыскубокспортстенд ату

    Ұсынымдар

    Скам-алаяқтық деген не және одан қалай қорғануға болады?

    Скам-алаяқтық деген не және одан қалай қорғануға болады?

    2 years ago
    Тиімді жоба талқыланды

    Тиімді жоба талқыланды

    2 months ago
    Мемлекеттік сатып алулар арқылы отандық өндірушілерді қолдау: Қазақстанның химия саласы үшін оң нәтижелер

    Мемлекеттік сатып алулар арқылы отандық өндірушілерді қолдау: Қазақстанның химия саласы үшін оң нәтижелер

    4 weeks ago
    Алматы облысында 98 ауыл интернетке қосылады

    Алматы облысында 98 ауыл интернетке қосылады

    1 year ago
    Жолан Омаровтың есімі берілді

    Жолан Омаровтың есімі берілді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.