-13 °c
Qonaev
Saturday, May 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Еңбек жәрмеңкесі өтті

    06.06.2024
    in Әлеумет
    Еңбек жәрмеңкесі өтті
    0
    SHARES
    6
    VIEWS
    Қонаев қаласының орталық саябағында облыстық жұмыспен қамтуды
    үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен
    бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Шараға 9 аудан мен Қонаев
    қаласындағы мансап орталығы және 50-ден аса мекеме қатысып, 500-ден аса
    түрлі сала бойынша бос жұмыс орнын ұсынды. Одан бөлек әлеуметтік
    бағдарламалар аясында грант пен несие алған 30-ға жуық кәсіпкер өз
    өнімдерін таныстырды. Кәсіпкерлер жағдайын білу үшін облыстық
    жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
    басқармасының басшысы Айгүл Ахметова арнайы келіп, істеріне сәттілік
    тіледі.
    Азаматтар мен жұмыс беруші мекеме арасында байланыс орнату
    мақсатында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өңірімізде жыл сайын өткізіледі.
    Осы уақытқа дейін өткізілген жәрмеңкелерде 3800-ден астам бос жұмыс
    орындары ұсынылып, 1000-ға жуық азамат өз жұмыс орындарын тапқан.
    Жыл басынан бері еңбек нарығы жүйесінде 18 мыңдай жұмыссыз тіркелген.
    Ал жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда
    көрсеткіш 0,1 пайызға төмендеген. Биыл еңбек нарығын дамыту
    тұжырымдамасы аясында облысымызда 66 мыңнан астам жұмыс орындарын
    құру жоспарланған. Бұл туралы халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және
    әлеуметтік бағдарламалар басшысының орынбасары Жазира Каипова
    мәлімдеді.
    – Адамды еңбек зор табысқа жеткізеді. Барлық саланы білікті
    мамандар дамытады. «Еңбегіне қарай құрметі» деген сөз бекер айтылмаған.
    Сондықтан қоғамда еңбекқорлықты дәріптеуіміз керек. Адал еңбек пен
    жауапкершілік қоғамның негізгі өзегі болуы тиіс. Ол үшін азаматтарымызға
    мемлекеттік қолдау шаралары ұйымдастырылуда. Бұл – мемлекетіміздің
    әлеуметтік саясаттың негізгі функциясы, – деді Жазира Айдынқызы.
    Жәрмеңкедегі ең ірі жұмыс берушілердің бірі «ASP Holding»
    компаниясы болды.
    – Біздің холдинг санитарлық қызметкерлерден бастап әкімші қызметіне
    дейін 200-ден астам бос жұмыс орнын ұсынуда. Қонаев қаласында біздің
    компания үлкен шоу-бағдарламаларды ұйымдастырады. Соның бірі –
    «Family Rock» фестивалі, онда әлемдік деңгейдегі эстрада жұлдыздары өнер
    көрсетеді. Қазіргі таңда үлкен отбасылық ойын-сауық орталығы салынуда.
    Осыған орай, бізге тазалаушы, аспаз, ыдыс жуушы, кассир және әкімші
    қызметкелері керек, – деді кадрлар бөлімінің басшысы Диана Ахметова.
    Жәрмеңкеде мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсібін дөңгелетіп
    отырғандар арасында Райымбек ауданы Қарасаз ауылынан келген Қарлығаш
    Қарабалаева да бар.
    – 2022 жылы жұмыспен қамту орталығының көмегімен грант ұтып
    алдым. Бала күнімнен тігіншілікке әуес болып өскендіктен «Қарлығаш» тігін
    цехын аштым. Грант ұтып алғаннан кейін керек құрал-жабдықтарды сатып
    алып, бірден жұмысты бастап кеттік. Қазір онда анам екеуміз жұмыс
    істейміз. Қарасаз ауылындағы М. Мақатаев атындағы гимназияда суретшілік
    өнерге үйрендім. Сондықтан бұйымдарымның дизайнын өзім жасаймын.
    Қазіргі таңда әшекейлі сөмкелері, экошоперлер, ұлттық үлгідегі тақиялар мен
    көрпешелер сұранысқа ие. Сондай-ақ өнімдерімізді «Kaspi» қосымшасы және
    «Инстаграм», «Тик-Ток» желілері арқылы да халыққа ұсынудамыз, – деді
    кәсіпкер.
    Жәрмеңкеде тұрақты жұмыс тапқандардың бірі – жиырма жастағы
    Қонаев тұрғыны Шапағат Мәжит.
    – Былтыр А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін IT
    мамандығы бойынша бітірдім. Көптен бері мамандығым бойынша жұмыс
    таба алмай жүрдім. Жәрмеңке арқылы ҚМУ ақпараттық технологиялар
    орталығы өз салам бойынша жұмысқа шақырды. Осындай мүмкіндіктер үшін
    ұйымдастырушыларға көп рақмет, – деді жәрмеңкеге қатысушы.
    Гүлзат Байқонысова,
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Мызғымас бірлік  – алынбас қамал

    Мызғымас бірлік – алынбас қамал

    1 year ago
    “Қазақстанда жасалған” немесе бес жылдағы биік белес

    “Қазақстанда жасалған” немесе бес жылдағы биік белес

    2 years ago
    Жүзден жүйрік

    Жүзден жүйрік

    7 months ago
    Жұмысшы мамандықтарының жылы: Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау басталды

    Жұмысшы мамандықтарының жылы: Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау басталды

    5 months ago
    Сенатор егістік суын тиімді пайдалану жолдарын ұсынды

    Сенатор егістік суын тиімді пайдалану жолдарын ұсынды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.