Перейти к содержимому

Қонаевтағы саяжайда 130 шаршы метрлік үй өртенді

Қонаев қаласындағы №4 саяжайдың Грушевая көшесі, 7 мекенжайында орналасқан үй өртеніп кетті. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Қалалық төтенше жағдайлар бөліміне 130 шаршы метрлік үй өртеніп жатқаны туралы хабар 8 мамыр күні сағат 18.53-те түскен. Өрт сағат 19.30-да толығымен өшірілген. Қызыл жалынды сөндіруге бірнеше техника мен 5 маман жұмылдырылған.

Үй шлакоблок кірпіштен тұрғызылған, шатыры темір құрылыс материалымен жабылған.

Alatau News