Құрметті жерлестер!
Қадірменді облыс тұрғындары!
Мемлекет басшысының халыққа арнаған кезекті Жолдауында айтылған тапсырмаға сәйкес, осыдан бір жыл бұрын Алматы облысын екі аймаққа бөліп, Алматы және Жетісу облысын құру туралы шешім қабылданды.
Бұл, әрине, еліміздегі мемлекеттік басқару үдерісін жеңілдету үшін өңірлерде әкімшілік-аумақтық өзгерістер жасау қажеттілігіне байланысты туындады.
Осылайша, Алматы облысы Жетісу облысынан бөлек тыныс ала бастады. Облыс мәртебесі бар өңірлерде әрдайым тұрғындар саны көбейіп, тұрмыс сапасы жоғарылайтыны анық. Әкімшілік-аумақтық өзгерістер мемлекеттік басқару үдерісін жеңілдететіні сөзсіз. Осы кезекте қазіргі Алматы облысы жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Жаңа инвестициялар тарту, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатындағы жұмыстар легі біршама артуда.
Қонаев қаласы – Алматы облысының орталығы болғанына да бір жыл толды. Осы уақыт ішінде білім, денсаулық, кәсіпкерлік, спорт және туризм салаларына баса назар аударылып, дамудың жаңа межесі белгіленді.
Алда атқарылар іс ауқымды, міндет зор.
Құрметті жерлестер!
Сіздерді облыс орталығының бір жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа қаламыз Қонаев қаласы өркендей берсін! Еліміздің мәртебесі асқақтап, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!