⚠️ Ауа райы табылмады.
Дүйсенбі, Сәуір 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Әкім: Облыс экономикасының өсімі бір қарқында

    14.06.2023
    in Әлеумет, БАҚ, Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы, Саясат, Экономика
    Әкім: Облыс экономикасының өсімі бір қарқында
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Биылғы жылдың төрт айының қорытындысы бойынша Алматы облысының экономикасы өсу қарқынын сақтап отыр. Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев бүгін өткен брифингте айтты.

    2022 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша барлық салада тұрақты өсім болды. Жалпы өңірлік өнім 4 трлн. 249 млрд. теңгеге жетіп, 106,3% өсім көрсетті, бұл – республика бойынша 3 орын. Биылғы төрт айда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 10,7 пайызға, сауда – 20,7 пайызға, құрылыс жұмыстары – 1,8 пайызға, ауыл шаруашылығы – 0,6 пайызға өсті”, – деді облыс әкімі.

    Өңір басшысының сөзінше, жалпы Алматы облысы аграрлық-индустриалды аймақ ретінде танылған. Мұнда экономиканың өңдеуші секторына, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге ерекше басымдық беріледі.

    “Мысалы, облыстың жалпы өңірлік өнімінің үштен бірін өнеркәсіп өнімі құрайды. Ал, экспортқа бағдарланған өңдеу саласының үлесі 90%-ға жетті немесе 503 млрд.теңге.
    Юылтырғы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өңделген өнімдер экспорты 20 пайызға өсіп, шамамен 600 млн. АҚШ долларын құрады”, – деді Марат Сұлтанғазиев сөзінде.

    Күні кеше Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов ел экономикасының дамуы туралы есебінде осы жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім көлемі 4,5 пайызға артқанын айтқан. Дегенмен, өңірлерге жеке жеке тоқталған Үкімет басшысы Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары мен Алматы қаласында барлық негізгі макрокөрсеткіштер өскенін, ең төмен көрсеткіштер – Атырау және Алматы облыстарында екенін алға тартып, аталған өңір басшыларына тиісті шаралар қабылдауы қажет екенін ескерткен.

    Tags: макроэкономика

    Соңғы жаңалықтар

    Әсерлі авиашоу
    13.04.2026
    Кәсіпкерлерге қолдау көп
    13.04.2026
    Ұлттың үнбайрағы
    13.04.2026
    Диқандар дала төсінде
    13.04.2026
    Америкалық блогер Алматы облысының туристік әлеуетіне тамсанды
    13.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>