-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 8, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Тұтынушылар құқықтарын қалай қорғайды?

    21.06.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік, Құқық-заң, Өңір тынысы, Экономика
    Тұтынушылар құқықтарын қалай қорғайды?

    Фото: Aikyn.kz

    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Қазақстандағы бұл сала елдегі маңызды салалардың бірі болып табылады, жыл сайын азаматтардан мемлекеттік органдарға тұтынушылық даулар бойынша 40 мыңға жуық өтініш келіп түседі.
    Тауар сатып алу кезінде немесе қызмет көрсету саласында алдауға тап болмайтын бірде-бір адам жоқ шығар: есеп айырысу, орындалмаған келісімшарттық міндеттемелер, сатып алу сапасына қанағаттанбау, алаяқтық мәселелері қоғамда жиі кездеседі.

    Елде 2 миллионнан астам тұрғын өздерінің тұтыну құқығы бұзылатынын айтады. Сарапшылар бұған тұтынушылардың заңды нашар білуі, тараптардың жанжалдарды шешу жолдарының күрделі және бұлыңғыр болуы, мемлекеттік және сот органдары жүктемесінің көптігі себеп деп санайды.
    2023 жылдың басынан бастап Департамент тұтынушылардан түскен 177 өтінішті қарады. Оның ішінде жазбаша нысанда – 117 өтініш, телефон арқылы – 50 және жеке қабылдауда – 10 өтініш түсті. Тұтынушыларға ақшалай қайтарым сомасы 4 миллион 200 мың теңгеден асты. Көбінесе тұтынушылардың сапасыз тауарларын айырбастау және қайтару құқықтары бұзылған.

    Келіп түскен өтініштерді талдаудан облыста тұтынушылардың құқықтары көбінесе бөлшек саудада бұзылатыны анықталды. Жалпы, халықты сапасыз тауарларды сатып алу, тауарды айырбастау және қайтару, тұрмыстық қызметтерді сапасыз ұсыну, жиһаз, терезелер мен есіктерді дайындау және жөндеу, электрондық сауда саласында, тауардың көрсетілген сапасына сәйкес келмеуі, уақтылы жеткізілмеуі, билеттерді қайтару кезінде қаражатты қайтарудан бас тарту, сондай-ақ, сотқа дейінгі реттеу тәсілдері кезінде туындайтын мәселелер көбірек алаңдатады.

    Биылғы жылы жаңа заң қабылданып, тұтынушылардың құқықтары жөніндегі Омбудсмен институты енгізіледі деп күтілуде.

    Бүгінгі таңда шағымдарды қабылдаудың e-Tutynushy бірыңғай ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Ол тұтынушылар шағымдарын қабылдау және қарау процесін автоматтандыруға, оларды жүйелеуге және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің барлық деңгейінде тіркеуге арналған. Ыңғайлы болу үшін жүйеде даудың мәніне және қызмет көрсету саласына байланысты шағымдардың стандартты нысандары орналастырылған.

    Tags: тұтынушы құқығы

    Ұсынымдар

    Жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам балаға қаржылай көмек беріледі

    Жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам балаға қаржылай көмек беріледі

    2 years ago
    Мәдениет ошағы қайта жанданды

    Мәдениет ошағы қайта жанданды

    6 months ago
    Халықтық штаб Алматы облысының жастарына АЭС салу мәселесін түсіндірді

    Халықтық штаб Алматы облысының жастарына АЭС салу мәселесін түсіндірді

    10 months ago
    “Жер аманаты”: Жыл соңына дейін 200 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылады

    “Жер аманаты”: Жыл соңына дейін 200 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылады

    2 years ago
    Әскер қатарын толықтырғандарға мүмкіндік мол

    Әскер қатарын толықтырғандарға мүмкіндік мол

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>