-13 °c
Qonaev
Tuesday, June 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    ҮАААЖ бойымен жүру тарифін төмендету мәселесі қарастырылды

    05.06.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Жолдың жайы, Инфрақұрылым, Өңір тынысы, Үкімет, Экономика
    ҮАААЖ бойымен жүру тарифін төмендету мәселесі қарастырылды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Алматы облысына іссапармен келді.
    Сапар барысында ол Үлкен Алматы айналма автокөлік жолының (ҮАААЖ) жобасымен және осы жолға байланыстыратын 6 радиалды жолдың жобасымен танысты.

    Алматы облыстық автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Амангелді Аппақовтың айтуынша, Абай, Саин, Рысқұлов, Ақын Сара, Солтүстік айналма жолдарын ұзарту және кеңейту Алматыдағы кептелісті азайту мақсатында жасалып жатыр. Бұл жолдар кеңейтіліп келіп, ары қарай ҮАААЖ-ның үстінен өтетін көпірге жалғасады. Бұдан бөлек, радиалды жолдың бесеуі де көбелек іспетті айналма жол болады. Оның техникалық-экономикалық негіздемесін Алматы облысының әкімдігі дайындаған. Аталған жол арқылы жүргізушілер ҮАААЖ-ға түсуге мүмкіндік алады және сол қиылысқан тұста төлемақы терминалдары орнатылады.

    Биылғы жылдың ақпан айында Қарасай ауданы Ақын-Сара көшесі бойынша жобалық-сметалық құжаттың оң сараптамасы алынған. Құрылыс-монтаждау жұмысына бюджеттік өтінім келесі жылға беріледі. Көшенің ұзындығы 5,5 шақырым.

    Қазіргі таңда Қарасай ауданының Абай көшесі арқылы ҮАААЖ-дан және Ақсай өзенінен өтетін жолдың 70 пайызының құрылысы мен жер жұмыстарының 40 пайызы аяқталған. 3,39 шақырымға созылған көше Райымбек ауылы арқылы өтпек.

    Осы ауданның 4,5 шақырымға жалғасқан Рысқұлов көшесі бойынша да дәл осындай пайыздағы жұмыстар аяқталған. Бұл көше Кемертоған ауылын басып өтеді. Ал Жармұхамбет, КазЦИК ауылдарынан өтетін Саин көшесіндегі құрылыс жұмыстары 30 пайыз орындалған. Көшенің ұзындығы 6 шақырымнан асады.

    7,9 шақырымдық Тілендиев көшесі бойынша суқұбырларын жүргізу жұмыстары жасалып жатыр. Бұл көше Іле ауданындағы Жәпек батыр арқылы өтпек. Ал Іле ауданындағы Солтүстік жарты айналма көшесінің ұзындығы 8,1 шақырым болмақ. Қазіргі таңда 60 пайыз құрылыс жұмысы аяқталған. Аталған көше Қоянқұс-2 елдімекеніне өтеді.

    Барлық радиалды жолдың жоба құны 60 млрд теңгеден астам. Сондай-ақ кездесу барысында ҮАААЖ арқылы өтудің тарифі тағы да талқыланып, оны төмендету мәселесі қарастырылды.

    Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті бұған дейін көліктердің ҮАААЖ бойымен жүру тарифтерін және Алматы облысының тұрғындарына қандай жеңілдіктер қарастырылғанын хабарлаған.

    Alatau News

    Tags: БАКАДжолҮАААЖ

    Ұсынымдар

    Ұлағатты ана – ұрпаққа үлгі

    Ұлағатты ана – ұрпаққа үлгі

    1 year ago
    Онкологияны анықтауға арналған медициналық кешен табысталды

    Онкологияны анықтауға арналған медициналық кешен табысталды

    2 years ago
    Жаңашылдыққа жол ашады

    Жаңашылдыққа жол ашады

    4 months ago
    Төлем тексерілуде

    Төлем тексерілуде

    9 months ago
    Парижде өткен мерейтой

    Парижде өткен мерейтой

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.