-13 °c
Qonaev
Saturday, May 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Медициналық мекемелерді жөндеуге жекелеген инвесторлар да тартылып жатыр

    21.07.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Демография, Денсаулық, Жоғары технология, Инфрақұрылым, Өңір тынысы, Экономика
    Медициналық мекемелерді жөндеуге жекелеген инвесторлар да тартылып жатыр

    Фото: zakon.kz

    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    Алматы облысында бірқатар медициналық мекемелерге мемлекет пен жекеменшіктің әріптестігі арқылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда 2020 жылы сенімгерлік басқару құқығына ие болған “A-CLASS MEDICAL” ЖШС Талғар аудандық ауруханасына қарасты 27 нысанға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Аурухана қазір медициналық қызметтердің барлық циклін ұсынып отыр. Сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 4 жаңа медициналық орталық пайдалануға берілді. Атап айтқанда Еңбекшіқазақ ауданындағы Достық ауылы мен Қ. Ұлтарақов ауылында, Талғар ауданы Қызыл Қайрат ауылы және Іле ауданындағы Чапай ауылында медициналық орталықтарға күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған барлық орталықтарда халыққа қажетті бейінді мамандар медициналық қызмет көрсетіп отыр.

    Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақтаева Ләззат Мейрашқызы облыста денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспары бойынша жұмыстар атқарылып отырғанын атап өтті.

    – Бүгінгі таңда Алматы облысындағы 340 мемлекеттік мекеменің ішінде 40 нысанның инфрақұрылымын жақсарту қажет. Ол үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдану жөніндегі ұсыныстар қаралып жатыр.
    93 мекеменің инфақұрылымы жақсартылды. Атап айтқанда 2022 жылы 30 нысан, 2023 жылы 44 нысанның жұмысы аяқталды. Ал 2024 жылы 19 нысанда аяқтау жоспарланған, – деді басқарма басшысы.

    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы – денсаулық сақтау нысандарын салуда бюджет қаражатын үнемдеуге, заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған жаңа ғимараттарды салуға мүмкіндік береді.
    Облыста жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа 2022 жылы 4 нысанға, 2023 жылы 1 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ 6 медициналық мекеме күрделі жөндеуден өтті. 2023 – 2024 жылдары 5 мекемеде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

    Сонымен қатар 2022 жылы 4 нысанның құрылысы аяқталып, 16 блокты-модульдік кешен қолданысқа берілді. 2023 жылы 11 блокты-модульдік кешен орнату жұмыстары аяқталады.
    2023 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа 6 объектіде құрылыс-монтаждау жұмыстары (2 емхана; 2 дәрігерлік амбулатория; 1 фельдшерлік-акушерлік пункт; 1 медициналық пункт) жүргізіледі, оның 4-уі 2023 жылы, 2-уі нысанның жұмысы 2024 жылы (2-емхана) аяқталады деп жоспарланып отыр.

    Сонымен қатар республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа 2 аурухананы жаңғырту жұмыстары 2024 жылы аяқталады. 2023 жылы 27 МСАК объектісін, 2024 жылы 11 объектіні салу көзделген.

    Ұсынымдар

    Мемлекет басшысы АЭС бойынша референдумда дауыс берді

    Мемлекет басшысы АЭС бойынша референдумда дауыс берді

    8 months ago
    Әскери теңізшілер Қапшағайда нысандарды минадан тазартты

    Әскери теңізшілер Қапшағайда нысандарды минадан тазартты

    10 months ago
    Заречный тұрғындары ауылдық округ әкімін сайлады

    Заречный тұрғындары ауылдық округ әкімін сайлады

    2 years ago
    Тал егу – игі іс

    Тал егу – игі іс

    6 months ago
    Ғылым мен технологиядағы тың серпін

    Ғылым мен технологиядағы тың серпін

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.