Перейти к содержимому
Главная страница » Министр интернетті үнемдеуге шақырды

Министр интернетті үнемдеуге шақырды

Интернет – шектеулі ресурс. Оны үнемдеп пайдалану керек. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында айтты.

«Интернет – шектеулі ресурс. Себебі базалық станция мобильді құрылғылардың белгілі бір санын қосады. Мобильді құрылғылар шектеулі саннан асып кетсе, байланыс нашарлайды. Ал екінші базалық станцияны орнату үшін қомақты инвестиция қажет», — деді Бағдат Мусин.

Министр қазақстандықтар 15-20 гигабайт ақпаратты тұтынуға дағдыланғанын, ал дамыған елдер 9,9 гигабайт тұтынатынын айтты. Сондықтан интернетті үнемдеп пайдалануға шақырды.

«Үйге келген кезде Wi-Fi-ға қосылайық. Экономика мәдениеті болуы керек. Суды үнемдегендей мобильді интернетті де үнемдейік», — деді министр