-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

    29.08.2023
    in Ауыл тынысы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Инфрақұрылым, Өңір тынысы
    Жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
    0
    SHARES
    26
    VIEWS

    Алматы облысының Кеген ауданына қарасты Ақай Нүсіпбеков ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Жалпы алаңы 320 шаршы метрді құрайтын ғимараттың құрылысы 2022 жылы басталған болатын. Амбулаторияда 2 дәрігер және 5 медицина қызметкері жұмыс істейді.
    Жаңа ғимарат стоматологиялық құрылғымен, зертханалық, физиотерапиялық және ЭКГ аппараттарымен жабдықталған. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаеваның айтуынша, емдеу орнында амбулаториялық қызметтен бөлек жарақат таңу пунктін, шұғыл медициналық көмек көрсету кабинеттерін ашу жоспарланып отыр.

    – Кеген ауданында соңғы үш жылда аудандық аурухана ғимараты, Жалаңаш дәрігерлік амбулаториясы, Тоғызбұлақ дәрігерлік амбулаториясы күрделі жөндеуден өткен болатын. Биыл Тасашы дәрігерлік амбулаториясына жөндеу жүргізілді. Алғабас дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, – деді Лейла Пернебайқызы.

    Сонымен қатар Бөлексаз, Тұйық, Шыбышы, Жалаулы ауылдарында блокты модульді кешендер салынып, қолданысқа берілген болатын.

    Мемлекет басшысының жарлығы бойынша 2023 жылы модернизациялау негізінде Жылысай, Жайдақбұлақ, Қарабұлақ, Күрметі, Талды, Жаңаталап сынды елді мекендерге жаңа ғимараттар салыну жоспарланған.

    Айта кету керек, Алматы облысында “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” жобасы аясында 2023 және 2024 жылдары 38 нысан салынады. Атап айтқанда, облыстың 6 ауданында 13 дәрігерлік амбулатория, 14 фельдшерлік-акушерлік пункт, 11 медициналық пункт салу жоспарланып отыр.

    Бұл жобаны іске асыру шалғайдағы елді мекендерде алғашқы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ орталық аудандық ауруханаларды медициналық жабдықтармен толық жарақтандыру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

    Ұсынымдар

    Жатыр мойны ісігіне жастар да шалдығатын болды

    Жатыр мойны ісігіне жастар да шалдығатын болды

    1 year ago
    Мәжіліс төрағасы келесі сессияда қандай заң жобалары талқыланатынын айтты

    Мәжіліс төрағасы келесі сессияда қандай заң жобалары талқыланатынын айтты

    2 years ago
    Апат айтып келмейді

    Апат айтып келмейді

    1 year ago
    Мемлекеттік қызметшілерге ойынханаларға баруға тыйым салынды

    Мемлекеттік қызметшілерге ойынханаларға баруға тыйым салынды

    2 years ago
    Рұқсатсыз және талапқа сай емес: Қонаевта жүргізілген тексеру нәтижелері

    Рұқсатсыз және талапқа сай емес: Қонаевта жүргізілген тексеру нәтижелері

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.