-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жатыр мойны ісігіне жастар да шалдығатын болды

    29.01.2024
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Жатыр мойны ісігіне жастар да шалдығатын болды
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Әйелдер арасында ең көп таралған онкологиялық аурулардың бірі – жатыр мойны ісігі жасарып келеді. Бұл туралы Алматы аймақтық көпсалалы клиника директоры Саяхат Олжаев өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында айтты.
    Маманның сөзінше, жатыр мойны ісігіне көбінесе 45-50 жастағы әйелдер шалдығатын. Ал қазіргі таңда бұл дерт 15-20 жастағы қыздарда да пайда бола бастаған.
    Аталған ісіктің жасару себептерін Саяхат Олжаев жіктеп айтып өтті. Мысалы, жыныстық өмірдің ерте басталуы мен серіктестердің жиі өзгеруі, ерте жүктілік пен имунндық тапшылық.

    Сонымен қатар, баспасөз-мәслихатында статистикалық көрсеткіштер айтылды. Алматы облысы бойынша қатерлі ісік ауруымен 10897 науқас тіркелген. Ал, 1083 науқас жатыр мойны ісігі бойынша есепте тұр. Былтыр 122 әйел ісікке шалдыққан.
    Саяхат Олжаев, жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін әрбір әйел тіркелген жері бойынша емханада скринингтен өтуі тиіс. Ал жалпы, қатерлі ісіктің алдын алу үшін оны қоздыратын папиллома вирусына қарсы вакцина егуге кеңес беріледі. Көбінесе бұл вакцинаны жыныстық қатынасқа түспей тұрып салдырған абзал.

    «Вакцина 10 жас пен 45 жас аралығындағы қыз-келіншектерге егіледі. Егер екпе бойжеткен тұрмыс құрып, алғашқы жыныстық қатынасқа түскенге дейін жасалса, ісіктің алдын алу мүмкіндігі артады. Қыз-келіншектерге денсаулықтарына жауапкершілікпен қарап, тиісті тексерістен уақытылы өтіп тұруға кенес береміз», – дейді Саяхат Таурбекұлы.

    Былтыр өңірде 59488 әйел тексеруден өтеді деп жоспарланып, оның 54119-ы скринингтен өтті. Тексеріс нәтижесінде 2800 қатерлі ісік анықталған. Биыл 67231 әйел скринингтен өтеді деп жоспарланып отыр.

    Еске салайық, облыс тұрғындары үшін Алматы қаласында жатыр мойны обырына қарсы ашық есік күні өткізіледі. Ол туралы толық ақпаратты Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының сайтынан немесе almoblzdrav инстаграм парақшасынан білуге болады.

    Ұсынымдар

    Еріктілер еңбегі еленді

    Еріктілер еңбегі еленді

    11 months ago
    Ойлылардың ойыны

    Ойлылардың ойыны

    10 months ago
    Алматыны іргелес аудандармен жалғайтын ЖРТ салу меморандумына қол қойылды

    Алматыны іргелес аудандармен жалғайтын ЖРТ салу меморандумына қол қойылды

    2 years ago
    Жыр сүлейіне арналған  мерейтойлық шара туған ауылынан басталды

    Жыр сүлейіне арналған мерейтойлық шара туған ауылынан басталды

    4 months ago
    Даналықтың кілті – қарттарда

    Даналықтың кілті – қарттарда

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.