Перейти к содержимому
Басты бет / Таза Қазақстан / Алатау қаласында «Таза Қазақстан» аясында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді

Алатау қаласында «Таза Қазақстан» аясында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді

52 қаралым

Алатау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында тұрғын үйлердің аулалары, мекемелердің аумақтары, қоғамдық орындар мен оларға іргелес аумақтар тазартылды.
Тазалық жұмыстары кезінде тұрмыстық және кездейсоқ қоқыстар жиналып, жаяу жүргіншілер жолдары мен ортақ пайдаланылатын аумақтар ретке келтірілді. Сонымен қатар мекеме ғимараттарының айналасы тазаланып, қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды.
Іс-шараға коммуналдық қызмет мамандары, мекеме қызметкерлері мен қала тұрғындары белсенді қатысты. Жұмыстарға арнайы техникалар жұмылдырылып, жиналған қоқыстар белгіленген орындарға шығарылды.
Тазалық шараларының басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық кеңістіктерге деген жауапкершілікті арттыру.

Сәбит ПАНЖАЗОВ

↑