Дүйім жұрттың жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауын «AMANAT» партиясы облыстық филиалының қызметкерлері де осы жолғы Жолдауды үлкен ықыласпен тыңдады.
Мемлекет басшысының кезекті Жолдауы Парламент палаталарының бірлескен отырысында баяндалды. Келелі жиынға ресми тұлғалармен қатар, азаматтық қоғам өкілдері де қатысты.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтеруге бағытталған биылғы Жолдау да ел назарын аударды. Жолдауда мемлекет пен халық үшін көптеген маңызды мәселелер көтерілді.
Президент Қазақстан азаматтарының табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді Үкіметке тапсырды. Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде, бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізетіні анық.
«Жалпы, еңбек нарығын жан-жақты дамыту үшін Үкімет қысқа мерзімде 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарды бекітуі керек. Жаңа экономикалық саясаттың қағидалары мен басымдықтарын нақты айқындаумен қатар, алдағы реформаларды сапалы әрі толық жүзеге асыру өте маңызды. Оның табысты болуы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігіне, жауапкершілігіне және саяси ерік-жігеріне тікелей байланысты», – деді Президент өз Жолдауында.
Қуат БАЙҚОЖАЕВ,
«AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы