Бүгін Білім күніне орай Алматы облысының Жамбыл және Іле аудандарында жас ұрпақты азаматтық-патриоттық тәрбиелеу мақсатында «Жас өрт сөндірушілер» әскери-патриоттық сыныптары ашылды. Бұл туралы Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Жамбыл ауданындағы Үмбетәлі Кәрібаев атындағы мектепте өткен салтанатты ашылуы шарасына Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Данияр Болатбекұлы Қасымов қатысты. , Ол оқушыларды құттықтап, жас өрт сөндірушілердің бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру, азаматтық борышын және мүдделерін қорғау жөніндегі конституциялық міндеттерді орындауға дайындығы бойынша барлық күш-жігері үшін мұғалімдерге алғысын білдірді.
Ал Іле ауданы Өтеген батыр кентіндегі №38 мектебінде әскери-патриоттық сыныптың ашылуына Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы подполковник Ералы Разақұлов қатысты. Ашық сабақ аясында ол құттықтау сөз сөйледі. Салтанатты іс-шара барысында 5 және 7 сынып кадеттері салтанатты түрде ант қабылдады.
Алматы облысының қалған аудандарында жалпы білім беретін мектептерде көрме ұйымдастырылды, оның аясында оқушыларға апаттан құтқару құралдары мен арнайы техникасы таныстырылды. Сондай-ақ, 1 қыркүйек күнінің аясында облыстың барлық өрт сөндіру бөлімдерінде «Ашық есік күні» ұйымдастырылды, онда барлық ниет білдірген оқушылар мен олардың ата-аналары үшін өрт сөндіру бөлімі бойынша экскурсия өткізілді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Іле ауданында осындай үш сынып, Қонаев қаласында екі кадет сыныбы және Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында Астана қаласындағы көпқабатты үйде өрт кезінде бірнеше адамның өмірін құтқарған Асқар Забикулин атындағы “Жас өрт сөндірушілер” әскери-патриоттық клубы ашылған болатын.