Есірткінің заңсыз айналымы – қоғам қауіпсіздігіне қатер төндіретін мәселелердің бірі. Оның алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстары жастар арасында тұрақты жүргізілуі қажет. Есірткінің адам денсаулығына зияны туралы нақты ақпарат беру маңызды. Әлеуметтік желідегі күмәнді ұсыныстарға қызығушылық танытпау керек. Бейтаныс адамдардың заңсыз тапсырмаларын орындау құқықтық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Ата-аналар балаларымен есірткінің қаупі туралы ашық сөйлескені жөн. Жастардың бос уақытын спорт пен шығармашылыққа бағыттау пайдалы. Есірткісіз қоғам қалыптастыру – баршаға ортақ міндет.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ