☀️
3°C
Қонаев
Жұма, Қараша 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Аламан би саябағы ашылды

    11.09.2023
    in Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы, Руханият, Тарих
    Аламан би саябағы ашылды
    0
    SHARES
    263
    VIEWS

    Райымбек пен Кеген аудандарының қиылысар тұсында өз дәуірінің қайталанбас қайраткері болған Аламан Мәмбетұлының 400 жылдық мерейтойы дүркіреп өтті. Рухани шара Аламан би саябағының ашылуымен басталды. Саябақ ішінде бабаға арналған монумент бой көтерді.

    SONY DSC

    Тойға жиналған қауым ескерткіш алдындағы театрландырылған көріністі тамашалады. Өнерпаздар Аламан бабамыздың ерлік істерін, өнегелі сөздерін қайта жаңғыртып, көпшілікке паш етті. Ақындар жырдан шашу шашты.

    Алқалы жиында сөз бастаған Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, Райымбек ауданының әкімі Берік Дүйсенбаев даңқты ерлердің ерлік істері жастарды отаншылдыққа тәрбиелейтіндігін айтып, жұртшылықты мерейтоймен құттықтады.

    Білім беру ісінің озаты, Аламан бабамыздың мұрасын жинақтап жүрген зейнеткер ұстаз Нұр Малбеков айтулы тұлға туралы баяндамасын тебірене оқыды. Қоғам қайраткерлері – Тоққожа Естенов, Тұрарбек Асанов, Рысбек Сәрсенбайұлы, Ызғарбек Бектұрсынов, Босатхан Ұлдарбековтер Аламан бидің көрегенділігі мен жаужүректілігіне кеңінен тоқталып, өрелі істері жайында тың деректерді алдыға тартты. Салтанатты рәсімнен соң, баба рухына арнап Құран бағышталды.

    Сондай-ақ айтулы шарада рулық анықтама, тарихи мәліметтер топтастырылған Жайна Нұрдостың «Көргені жақсы көш бастар» атты кітабының таныстырылымы өтті. Мерейтойға жиналған жұрт Алматы облыстық «Сүйінбай» атындағы филармониясының фольклорлық ансамблінің концертін, Сұлушаш Нұрмағамбетова, Рамазан Стамғазиев, Ұлту Қабаева сынды танымал өнер иелерінің әндерін тамашалады.

    SONY DSC

    Бұдан кейін, «Аламан би» саябағы жанында бозкілемде балуандар күш сынасса, білектілер кір тасын ұршықша иірді. Белділер қошқар көтеруден алдына жан салмады.
    Мерейтой ары қарай Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылының атшабарында өткен ат жарысына ұласты.
    Дүбірлі додада көршілес Қырғызстаннан және еліміздің барлық аймақтарынан келген қыл құйрықтар бақ сынады. Жарыс жолына бәйгені бастап 55 құнан шықты. Сымдай созылған құнандардың ішінде бірінші орынды Алматы қаласынан келген «Нұрай» шаруа қожалығының Гүлсары есімді жүйрігі озды. Мәре сызығынан алғаш өткен 5 құнанға ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

    Келесі кезекте бәйге алаңына Райымбек, Кеген аудандарының сәйгүліктері сынға түсетін топ бәйгенің қатысушылары шықты. Жергілікті бапкерлердің бабы мен жүйріктің бағы сынға түскен сайыста екінші орынды Райымбек ауданы, Қызылшекара ауылынан келген Нұрбол Сағатбекұлының Қаршыға атта тұлпары жеңіп алды. Топ бәйгенің бас жүлдесі Кеген ауданынан келген Уәли Оспановтың атына бұйырып, 1 миллион теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

    Бұдан кейін жергілікті атбегілері арасында өтетін Аламан бәйге басталды. Аталған додада Сарыжаздың сәйгүлігі «Бахус» екінші орынды еншіледі. Бірінші орынды Кеген ауданынан келген «Ақбақай» атты тұлпар алып, ат иесі су жаңа автокөлік иеленді. Бұдан кейін халықаралық деңгейдегі аламан жарысы басталды. Шашасына шаң жұқпайтын жүйріктер үзеңгі қағысып, құйрық тістесіп, іркес-тіркес болып көрермендер алдынан өтіп жатты. Бағы мен бабы қатар келген Қырғызстан өңірінің «Қаракер» атты жүйрігі мәре сызығын бірінші кесті. Бас бәйгеге тігілген су жаңа автокөлік көршілес елдің қанжығасына байланды.

    Сонымен қатар игі шарада жиналған көпшілікке ат құлағында ойнайтын жерлестеріміз теңге ілу, қыз қуу сияқты ұлттық ойындарымызды дәріптеп, өнерлерін ортаға салды Аламан бабамыздың асында шапқан тұлпарлар ел есінде қалып, көрермендердің көзін тойдырды. Бабамыздың әруағы тіктеліп, ұрпақтары ата алдындағы парызын өтеді.

    Дәурен Ермекбай,
    Дастан Шынасыл

    Ұсынымдар

    Жағдайың қалай, студент?

    Жағдайың қалай, студент?

    2 years ago
    Жеңіске бастар жол

    Жеңіске бастар жол

    7 months ago
    Коммуналдық қызмет тарифі қымбаттайды

    Коммуналдық қызмет тарифі қымбаттайды

    2 years ago
    Электр қуатын өндіру көлемі артады

    Электр қуатын өндіру көлемі артады

    2 years ago
    АҚ КҮРІШ – ЕЛ ЫРЫСЫ

    АҚ КҮРІШ – ЕЛ ЫРЫСЫ

    2 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>