Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Алматы облысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шарасы өтті

Алматы облысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шарасы өтті

46 қаралым

Алатау қаласының Ынтымақ ықшамауданындағы №16 орта мектепте оқушылар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу.
Кездесу барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасы, олардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқықбұзушылық жасаған жағдайда туындайтын жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарына басымдық берілді. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау, өзара сыйластық, қауіпсіз мінез-құлық және әрбір әрекет үшін жауапкершілік алу мәселелері қозғалды.
Жасөспірімдердің қауіпсіз әрі қолайлы ортада қалыптасуы үшін алдын алу жұмыстарының маңызы зор. Осы бағытта қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету, олардың мәселелерін дер кезінде анықтап, тиісті көмек ұйымдастыру қажеттігі атап өтілді.
Сондай-ақ бала тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту мәселесіне назар аударылды. Ата-аналардың құқықтық жауапкершілігін арттыру, балалардың мінез-құлқы мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру – құқықбұзушылықтың алдын алудағы маңызды бағыттардың бірі.
Оқушылардың сабақтан тыс уақытын мазмұнды өткізуіне жағдай жасау мақсатында оларды спорт секцияларына, шығармашылық үйірмелерге және қосымша білім беру орталықтарына тартудың маңыздылығы да атап көрсетілді.
«Заң және тәртіп» бағдарламасы аясындағы мұндай шаралар жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға және қауіпсіз білім беру ортасын нығайтуға бағытталған.
Жас ұрпақтың тәрбиесі – мектеп пен отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Сондықтан құқықтық түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу балалардың саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.


Шыңғыс ИСМАИЛОВ,

Алатау қалалық білім бөлімінің әдіскері

↑