-13 °c
Qonaev
Monday, August 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Әкім: Пеші жоқ тұрғындарға көмек береміз

    29.09.2023
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Өңір тынысы, Энергетика
    Әкім: Пеші жоқ тұрғындарға көмек береміз
    0
    SHARES
    26
    VIEWS

    Бұған дейін түрлі БАҚ беттерінде Талғар ауданы Кеңдала ауылындағы көппәтерлі тұрғын үйлер қыста жылусыз қалуы мүмкін деген ақпарат тараған еді. Осы мәселеге байланысты бүгін аудан әкімі Танат Айдарбековтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Тілшілер қатысқан жиында әкім Кеңдала ауылында блоктық-модульдік қазандықтар (БМҚ) салу үшін жобалық-сметалық құжаты дайындалып жатқанын айтты.

    Аудан әкімінің айтуынша, әзірленетін жобалардың жалпы саны – 19. Оның ішінде А.И. Смыков көшесіндегі № 24, 49, 49а, 53, 59 көппәтерлі үйлерге газ беру үшін БМҚ салу да бар. Қажетті құжат биыл желтоқсанда жасалып бітеді. Жобалардың барлығы бюджет есебінен жүзеге асырылмақ. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2024 жылдың наурыз айында басталады деп жоспарланып отыр.

    “Талғар ауданы орталықтандырылған жылудан 1998 жылы ажыратылған. Сол себепті кей көппәтерлі үйлер көмірмен, электр қуаты пешімен жылытылып келеді. 2018 жылы Талғарға газ құбыры тартыла бастады. Сол уақыттан бері БМҚ-лар салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірақ, арада белгілі себептермен үзілістер болған”, – деді әкім.

    Сондай-ақ әкім тұрғындар шағымданған соң әкімдік мамандары Кеңдала ауылына барғанын да атап өтті. Кездесуде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мамандар үйлерді аралап шыққан. Нәтижесінде кей пәтерлерде пеш жоқ екені анықталған.

    “Тұрғындардың кейбірі биыл газға қосыламыз деп пештерін алғызып тастаған. Біз оларға демеушілер есебінен көмек көрсетеміз”, – деді Танат Айдарбеков.

    Айта кетейік, Талғар қаласында 33, Бесағаш ауылында 2 блоктық-модульдік қазандық бар.

    Ұсынымдар

    Халық үніне құлақ асуға шақырды

    Халық үніне құлақ асуға шақырды

    2 years ago
    Президент Құранды өртеу актілерін сынға алды

    Президент Құранды өртеу актілерін сынға алды

    2 years ago
    Денсаулық сақтау саласында биыл қандай өзгерістер болды?

    Денсаулық сақтау саласында биыл қандай өзгерістер болды?

    2 years ago
    Қар құрсауында қалған 3 адам құтқарылды

    Қар құрсауында қалған 3 адам құтқарылды

    7 months ago
    Президент бірқатар заңға қол қойды

    Президент бірқатар заңға қол қойды

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>