Перейти к содержимому
Главная страница » Бала құқығын қорғауға айрықша мән берілді

Бала құқығын қорғауға айрықша мән берілді

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Палаталарының бірлескен отырысында айтқан «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары»атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдадық. Президент өз Жолдауында: «Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны қатаңдатуды талап етемін»- деді.

«Ел болам десеңіз, бесігіңді түзе», — деп заңғар жазушы М.Әуезов айтқандай, кез келген ата-ана баланы тәрбиелеуге немқұрайды қарамауы керек. Оның күнделікті өміріне, бос уақытын қалай өткізетініне және баланың қандай адамдармен қарым-қатынас жасайтынына ерекше көңіл бөлуі қажет. Сондай-ақ, экранда не көретінін және интернетті қандай мақсатта пайдаланатынын жіті бақылауы тиіс.

Жолдауда Мемлекет басшысы зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін қатаң жаза тағайындалатынын атап өтті. Біз – аналар Жолдауда айтылған мәселелерді бірауыздан қолдаймыз. Сондықтан балалар мен жасөспірімдерді зорлық-зомбылық пен қатыгездіктен қорғау үшін және жас талшықтың бақытты болып ержетуі үшін бар күшімізді саламыз.

М.Жабиева,
Іле ауданы Аналар кеңесінің төрағасы