-13 °c
Qonaev
Saturday, May 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home БАҚ

    “Үркер-2023” ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

    24.09.2023
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар, Идеология, Өңір тынысы
    “Үркер-2023” ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

    Фото: golos-naroda.kz

    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Елордада баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «Үркер-2023» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды. «Қазмедиа» орталығында өткен салтанатты шарада үздік деп танылған жеңімпаздар 12 номинация бойынша марапатталды. Алматы облысында басылатын «Алатау арайы» қоғамдық-саяси газеті құрылғанына енді ғана жыл толғанына қарамастан биылғы «Үркер» сыйлығында «Үздік өңірлік БАҚ» номинациясы бойынша үздік төрттіктің қатарында аталды.

    Жыл сайын берілетін ұлттық «Үркер» сыйлығы қазақстандық БАҚ өкілдері үшін басты сыйлықтардың бірі саналады. Биыл байқау 12 номинация бойынша өткізілді, оның ішінде медиа саласын дамытуға үлес қосып жүрген медиа мамандарына арнап «Үздік халықаралық БАҚ», «Үздік подкаст», «Үздік YouTube каналы» номинациялары қосылды.

    БАҚ өкілдері үшін маңызы зор шараға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысып, қатысушыларға ізгі тілегін жеткізді.
    ”Әр жыл сайын «Үркер» сыйлығы жобасының өз жаңалығы болады. Осы дәстүрден айнымай биыл да байқауға жаңа үш номинация қосылып отыр. Біз әрқашан жаңа медианың дамуына, креативті индустрияның өркендеуіне қолдау көрсетуді жалғастыра береміз”, – деді ол.

    «Үркер-2023» сыйлығының жеңімпаздары:

    1. Жылдың үздік сұхбаты:
    Лэйла Тастанова – Time.kz

    2. Жылдың үздік репортажы:
    Рабиға Дүсенғұлова – Tengrinews.kz

    3. Әлеуметтік тақырыптағы үздік материалы:
    Амангүл Тілейқызы – El.kz

    4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация):
    Анна Величко – Golos-naroda.kz

    5. Жылдың үздік аналитикалық материалы:
    Меруерт Сарсенова – Kapital.kz

    6. Жылдың үздік жаңалықтар порталы:
    Nege.kz

    7. Радиостанциядағы үздік жоба:
    «Orda FM» – «Zhas STAR» бағдарламасы

    8. Жылдың үздік фотосуреті:
    Валерий Бугаев

    9. Үздік өңірлік БАҚ:
    «Сыр бойы» газеті (Қызылорда облысы)

    10. Үздік халықаралық БАҚ (баспа радио интернет-журналистика саласындағы):
    «Қазақ елі» журналы (Түркия)

    11. Үздік подкаст:
    «OY-DETOX» – Әйнел Әмірхан

    12. Үздік YouTobe каналы:
    Абай Сейфоллаұлы – «Abay Live»

    Барлық жеңімпазға «URKER» естелік мүсіні мен бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталды.

    Биылғы байқауға баспа, радио, интернет-журналистика саласында қызмет етіп жүрген журналистерден барлығы 450 өтінім түсті. Олардың көбін «Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал», «Жылдың үздік сұхбаты», «Үздік өңірлік БАҚ», «Жылдың үздік аналитикалық материалы» және «Жылдың үздік репортажы» номинациялары бойынша жіберілген материалдар құрайды. Жүздеген жұмысты құрамында беделді журналистер, медиа менеджерлер бар қазылар алқасы саралап, үздіктерін анықтады.

    Ұсынымдар

    Ғылымға құрылған қоғам құру – уақыт талабы

    Ғылымға құрылған қоғам құру – уақыт талабы

    2 years ago
    Әскери теңізшілер Қапшағайда нысандарды минадан тазартты

    Әскери теңізшілер Қапшағайда нысандарды минадан тазартты

    10 months ago
    Береке бастауы бірлікте

    Береке бастауы бірлікте

    3 weeks ago
    Талапкерлерге техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндіктері молайды

    Талапкерлерге техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндіктері молайды

    2 years ago
    Райымбек ауданында референдум жоғары көңіл күймен басталды

    Райымбек ауданында референдум жоғары көңіл күймен басталды

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.