⛅
26°C
Қонаев
Бейсенбі, Мамыр 21, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Жол апаты

    Қайыңды көлі маңында автобус апатқа ұшырады

    06.10.2023
    in Жол апаты, Жол-көлік оқиғасы, Жолдың жайы, Құқық-заң, Өңір тынысы
    Қайыңды көлі маңында автобус апатқа ұшырады
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    Кеген ауданының Саты ауылы маңында жол апаты болып, салдарынан бір адам қаза тапты, бірнеше адам зардап шекті.
    Алматы облыстық Полиция департаментінің дерегінше, қайғылы оқиға кеше Саты ауылынан Қайыңды көліне баратын тау жолында болған.

    «5 қазан күні сағат 14:40 шамасында Кеген ауданы Саты ауылдық округінің аумағында, «Қайыңды-Саты» таулы автожолының 9 шақырымында 47 жастағы автобус жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, 1997 жылғы жүргізуші басқарып келе жатқан «УАЗ» автокөлігімен соқтығысқан, – деп жазды Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов Instagram парақшасында.

    Алматы облыстық әкімдігінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан 36 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
    Зардап шеккен барлық 34 адам – 20 әйел мен 14 ер адамға тиісті жедел медициналық көмек көрсетілді. Оқиға орнына 13 жедел жәрдем бригадасы және 1 жолдағы дәрігерлік-құтқару пункті бригадасы (28 қызметкер және 14 санитарлық автокөлік бірлігі) жіберілген. Қазіргі уақытта 1 адам Кеген аудандық ауруханасында, 2 адам Шелек ауылының аудандық ауруханасына, 9 адам Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына емдеуге жатқызылған, жағдайлары орташа ауыр.

    Бұл оқиға бойынша Кеген ауданының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша іс қозғады.
    Қазіргі уақытта осы жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын шынайы түрде зерттеу үшін сараптама тағайындау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Автобус жүргізушісі қамауға алынды.
    Істі тергеу барысын Полиция департаментінің басшысы өз бақылауына алды.

    Соңғы жаңалықтар

    Агроөнімге сұраныс артады
    21.05.2026
    Таза бейсенбі: Іле ауданында 58 тонна қоқыс шығарылды
    21.05.2026
    Сарбаздар ант қабылдады
    21.05.2026
    Мемлекет басшысы қоғамдық сананы жаңғырту жөнінде пайымын бөлісті
    21.05.2026
    Президент ұлт руханиятына адал қызмет етіп жүрген мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше мән беріп отыратынын айтты
    21.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>