-13 °c
Qonaev
Saturday, July 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алғаш рет электрокардиостимулятор орнату отасы жасалды

    09.10.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Жоғары технология, Өңір тынысы
    Алғаш рет электрокардиостимулятор орнату отасы жасалды
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Осы жылдың қыркүйек айында Қарасай клиникалық көпсалалы орталық аудандық ауруханасына 1941 жылы туған науқас шұғыл түрде жатқызылды. Ол кеуде тұсының ауыратынын, әлсіреп, басы айналатынын және жүрегінің соғу жиілігі 30-дан төмендеп кеткеніне шағымданған. Кардиологтардың тексеруінен кейін оған брадикардия диагнозы қойылды.

    «Аудандық ауруханаға ангиографиялық аппарат орнатылды, бұл кардиохирургиялық операциялардағы мүмкіндіктерімізді кеңейтуге мүмкіндік берді. Осы құрылғының көмегімен және пациенттің өмірлік көрсеткіштеріне сәйкес дәрігерлер кеңесі электрлік кардиостимуляторды орнату туралы шешім қабылдады. Мұндай операцияны бірінші рет жасап отырмыз», – деді Қарасай аудандық аурухананың кардиологы Орынбасар Тайманұлы.

    Кардиостимулятордың негізгі міндеті – жүрек соғысын қалпына келтіруге көмектесу. Операция бірнеше кезеңді қамтиды: тері кесу, тамырлардың біреуін оқшаулау, рентгендік бақылаумен жүрек камераларына тамыр арқылы бір немесе бірнеше электродтарды енгізу. Электродтың ұшы оң жақ атриумға (немесе оң қарынша) орнатылады, ал орнатылған электродтардың параметрлері сыртқы құрылғы арқылы тексеріледі.
    Ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жүргізілді. Бүгінгі күні науқастың жағдайы тұрақтанды, жүрегі минутына 65 рет соғады.

    Ұсынымдар

    Конституция күніне орай мерекелік шара өтті

    Конституция күніне орай мерекелік шара өтті

    2 years ago
    Әже сөзі – тәрбие көзі

    Әже сөзі – тәрбие көзі

    10 months ago
    Шағын футболдан турнир өтті

    Шағын футболдан турнир өтті

    10 months ago
    Әкім: Бұл сайлау жаңа буынның қалыптасуына себеп болады

    Әкім: Бұл сайлау жаңа буынның қалыптасуына себеп болады

    2 years ago
    Аружанның білезігі қауіптен құтқарады

    Аружанның білезігі қауіптен құтқарады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.