-13 °c
Qonaev
Sunday, June 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Аружанның білезігі қауіптен құтқарады

    01.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Денсаулық
    Аружанның білезігі қауіптен құтқарады
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Күнделікті өмірде көшеде кетіп бара жатып я болмаса қоғамдық орында отырып ойламаған жерден есінен танып қалатын жандарды кездестіріп жатамыз. Осындай сәтте оны қаумалаған адамдар не істерін білмей, тосылып қалады. «Жедел жәрдем» қызметкерлері келген күннің өзінде олар науқастың нақты диагнозын білмегендіктен шұғыл көмек көрсете алмайды. Мұндайда бір минуттың өзі адам тағдырын шешетіні анық. Осы жағдайдың алдын алу үшін Қазақ ұлттық медицина университетінде білім алатын 23 жасар Аружан Қалиханова «Көмекші білезік» ойлап тапты.

    Бұл құрылғының бірнеше функциясы бар. Біріншіден, білезікте медицинаға қатысы жоқ қарапайым адамдарға түсінікті ақпараттар жазылған. онда науқастың диагнозы, қалай көмектесуге болатыны жайында көрсетіледі. Сондай-ақ тек «Жедел жәрдем» қыметкерлеріне қолжетімді QR-код қойылған. Ол арқылы науқастың медициналық тарихы, қан тобы, талдау нәтижелері бірден белгілі болады. Одан бөлек, білезікте ең жақын адамының телефон нөмірі де жазылып тұрады.

    Кейіпкеріміздің дәрігерлік жолды таңдауы да, «Көмекші білезікті» ойлап табуы да өмірінде болған оқиғалармен тікелей байланысты.

    «10-сынып оқып жүргенде әкем жүрек талмасынан есінен танып құлап қалды. Қалай көмектесерімді білмедім. Шарасыздығым жаныма батып, ішімдегі алай-дүлей сезімдер маза бермеді. Осылайша дәрігер мамандығын таңдаймын деген шешімге келдім.

    Бір күні қоғамдық орында әкем ұшыраған жағдай өзге адамда қайталанды. Бұл кезде университеттің екінші курсында оқып жүрсем де, көмек қолын соза алмадым. Себебі ол кісінің диагнозын білмейтін едім. Шіркін, осындай кезде науқастың жағдайын бірден білетін қандай да бір ақпарат болса ғой деп армандайтынмын. Осы сұрақ ойымнан кетпеді. Іздене келе Америкада науқастың диагнозы жазылған медициналық білезік бар екенін білдім. Оны бұдан әрі тиімді етудің жолын қарастырып, дамыта бастадым», – дейді Аружан.


    Ұзақ уақыт ойында жүрген жобасын ҚазҰМУ университетіндегі инновациялық жобалардың алға басуына көмек көрсететін «Бизнес-инкубатор» байқауына ұсынады. Онда тәлімгерлер арқылы білімін жетілдіріп, жобасының кем-кетігін толықтырады. Байқауға білікті профессорлар мен ғалымдар да қатысады. 160-тан астам адамның ішіндегі ең жас қатысушы атанады. Соған қарамастан 10 үздік жобаның қатарына ілігіп, инвесторлардан ұсыныстар түсе бастайды. «KAZNMU Endowment» қоры да «Көмекші білезіктің» танылуына зор ықпал етеді. Қазіргі таңда түрлі медициналық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеу да жоспарында бар.

    – Қолға алған жобамды міндетті түрде іске асырамын. Себебі бұл қоғам үшін өте керек. Америка мен Австралияда осыған ұқсас сағаттардың нәтижелі кейстері бар. Ал Қазақстанда аутизм, деменция сынды дертпен ауыратын науқастардың күртешесінің қалтасына ауруына қатысты нұсқаулық салып береді. Бірақ ол тез жыртылып немесе жоғалып кетеді, адамдар ол нұсқаулық туралы білмейді де. Қаржылық жағынан  көмек болса, әрі қарай дамыта түсу үшін гранттар бөлінсе, бұл жобаның жақсы нәтиже беретініне сенемін, – деген кейіпкеріміз «Көмекші білезікті» бұдан әрі жетілдіре түсетінін айтты. Оның жоспары да дайын көрінеді. Алдағы уақытта білезікке дыбыс арқылы ескерту жолдай алатын қосымша енгізбекші. Адам есінен танып құлаған кезде дыбыстық белгі қосылады, сондай-ақ білезікте көрсетілген нөмірге автоматты түрде хабарласады. Жақын маңда орналасқан «Жедел жәрдем» қызметіне де науқас халі туралы бірден ақпарат барады. Бағасын қарапайым халыққа қолжетімді қылуды басты міндеті санаған Аружан барынша тиімді жолдарды қарастыруда.

    Дәрігерлік – үлкен жауапкершілік пен асқан төзімділікті талап ететін, қиын да қастерлі мамандық. Бұл жолды таңдауға кез келген адамның батылы бара бермейді. Өмірін осы саламен ұштастырған кейіпкеріміз медицина саласының мән-маңызы жайында өз ойын білдірді. «Дәрігерлер – өмір мен өлім үстінде тұрған адамға үміт сыйлайтын, сол үмітті ақтау үшін аянбай күресетін қаһармандар. Ол ең бірінші адамдарды жақсы көру керек, бойында өзгелердің мүддесі үшін өзінікінен бас тартуға дайын моральдық принцип, адамдардың жан дүниесін түсіну, жай-күйін ұғыну қабілеті болу керек. Керек кезде психолог та бола білуі шарт. Кейде дәрі-дәрмектен бірауыз жылы сөз дертке дауа болады. Медицина саласы күн санап дамып келе жатыр, сол көштен қалмай алға ұмтылу –  әрбір дәрігердің міндеті», – дейді Аружан Қалиханова.

    Гүлзат Байқонысова

    Ұсынымдар

    Сайлауға  бару – сауаттылық белгісі

    Сайлауға бару – сауаттылық белгісі

    1 year ago
    Жат ағым – елге қауіп

    Жат ағым – елге қауіп

    8 months ago
    Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – Бірлік пен келісім саясатының маңызды кезеңі

    Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – Бірлік пен келісім саясатының маңызды кезеңі

    2 months ago
    Орта бизнестің өркендеуіне  жол ашуымыз керек

    Орта бизнестің өркендеуіне жол ашуымыз керек

    2 years ago
    ТАЛАНҒАН ТАҒДЫР

    ТАЛАНҒАН ТАҒДЫР

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>