-13 °c
Qonaev
Monday, May 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Алматы облысының цифрлық көшірмесі» жобасы үздік деп танылды

    18.10.2023
    in Барлық жаңалықтар, Жоғары технология, Мемлекеттік қызмет, Өңір тынысы
    «Алматы облысының цифрлық көшірмесі» жобасы үздік деп танылды
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жобалық басқару жөніндегі уәкілетті орган ретінде жобалық басқаруды мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

    Мемлекеттік органдардың және жобалау қызметіне басқа да қатысушылардың жобалық жетілуін айқындау құралдарының бірі «Qazaqstan Project Management Awards – 2023» жобалық басқару жөніндегі Ұлттық Конкурс болып саналады.

    «Qazaqstan Project Management Awards» – бұл мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жобалық басқару саласындағы үлесі мен жетістіктерін айқындау, сондай-ақ инновациялық тәсілдерді қолдану және жобаларды іске асыруда көрнекті нәтижелерді көрсету жөніндегі ұлттық конкурс. Сонымен қатар, бұл мемлекеттік қызметшілерді қолдау және ынталандыру, өз қызметінде жобалық менеджменттің әдістерін, тәсілдері мен құралдарын белсенді енгізу және қолдану.

    QazPMA әртүрлі салалардағы (мемлекеттік, квазимемлекеттік, үкіметтік емес сектор, бизнес) мамандардың тәжірибе алмасу алаңына айналуы тиіс, онда Қазақстанда жобалық менеджментті дамыту мен жетілдірудің негізгі мәселелері бойынша шешімді талқылауға және табуға болады.

    QazPMA Қазақстанда 2020 жылдан бастап өткізіліп келеді және жобалық командаларды қолдауға және олардың жобалық басқару саласындағы жетістіктерін бағалауға бағытталған. Конкурстың миссиясы елдің одан әрі экономикалық ілгерілеуі мақсатында жобаларды басқару мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

    Конкурстың мақсаты:
    — Мемлекеттік органдарды, квазимемлекеттік сектор ұйымдарын, үкіметтік емес ұйымдарды, шағын және орта бизнесті және өз қызметінде жобалық менеджмент әдістері мен құралдарын белсенді енгізетін және қолданатын жоғары оқу орындарын қолдау;
    — Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, шағын және орта бизнестің және жоғары оқу орындарының жобаларды басқаруды жетілдірудегі ынтымақтастығы;
    Ұлттық байқау 2023 жылғы 12-13 қазанда Digital Bridge халықаралық форумының алаңында өтті.

    Digital Bridge – жыл сайын Мемлекет басшысының қатысуымен өткізілетін IT саласындағы Орталық Азиядағы ең ірі іс-шара. Дәстүрлі түрде форумға халықаралық IT -қоғамдастық көшбасшылары, технологиялар саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылар, цифрлық әзірлемелер саласындағы мамандар, IT-компаниялар мен стартаптар, венчурлік инвесторлар, технологиялық кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері қатысады.

    Форум «Цифрландыру, ғылым және инновация есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын іске асыру болып табылады, сондай-ақ Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT-кадрларды даярлау, IT-салаға 500 млрд. теңгеге дейін инвестициялар тарту, АКТ қызметтер экспортын 500 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайту бойынша белгілеген көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған.
    Биылғы жылы Ұлттық конкурсқа «Үздік жобалық кеңсе», «Үздік жоба» және «Үздік жобалық менеджер» номинациялары бойынша 181 өтінім берілді. Байқау 2023 жылдың 1 маусымы мен 12 қазаны аралығында өтті және 8 кезеңнен тұрды.

    13 қазанда QazPMA байқауының қорытындысы шығарылып, онда Алматы облысы әкімдігінің командасы жергілікті атқарушы органдар арасында «Үздік жоба» номинациясы бойынша екінші орынды иеленді. Облыс командасы «Алматы облысының цифрлық көшірмесі» жобасын таныстырды.

    «Цифрлық көшірме» жобасы инженерлік және цифрлық инфрақұрылымның әлеуеті, қол жетімді адами капиталдың саны мен сапасы және жаһандық қосылған құн тізбегіне интеграциялау мүмкіндіктері бойынша қолданыстағы салынған және құрылысқа жоспарланған индустриялық аймақтардың тиімділігін тексеруге және қайта бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жоба әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылын жеңілдету, әкімдіктің әртүрлі салалары мен қызметінің геокеңістіктегі деректерін біріктіре отырып, үлкен деректерді жинау және талдау мақсатында геокеңістік деректермен толықтырылады. Биыл облыстың 33 елді мекенінде жобаны енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

    Ұсынымдар

    Астықты мол жинауға дайын

    Астықты мол жинауға дайын

    8 months ago
    Жүзден жүйрік

    Жүзден жүйрік

    9 months ago
    Жемқорлықты жою – ортақ міндет

    Жемқорлықты жою – ортақ міндет

    11 months ago
    Заңсыз саудамен күрес

    Заңсыз саудамен күрес

    10 months ago
    Әлеуметтік саланы қолдауға басымдық берілген жыл

    Әлеуметтік саланы қолдауға басымдық берілген жыл

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.