-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мәслихат депутатын сайлау өтіп жатыр

    29.10.2023
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Өңір тынысы, Сайлау, Сайлау-2023, Саясат
    Мәслихат депутатын сайлау өтіп жатыр
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Бүгін Заречный ауылдық округінде №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қонаев қаласы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтіп жатыр.

    Жалпы 4 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр, оның 1-еуі жабық (әскери бөлім). Ал екеуі Заречный ауылында, біреуі Арна ауылында орналасқан.

    №953 сайлау учаскесінің төрағасы Светлана Дүйсекованың айтуынша, тұрғындар бүгінгі науқанға белсене қатысуда.

    “Бұл учаскеде 1168 сайлаушы тіркелген. Тұрғындар науқанға белсене қатысуда. Әр 100-ші сайлаушыға сыйлық беріп жатырмыз. Таңғы 7.00-де жұмысымызды бастадық. Екі бақылаушымыз бар”, – деді ол.

    Таңдаған кандидатына дауыс берген Алмагүл есімді тұрғын сый-сияпатқа ие болды.

    “Бұған дейін өткен сайлауларға да қатыстым. Бүгін 100-ші болып дауыс беріп, сыйлық алдым. Сайлау сәтті өтсін! Сайланған депутат елге көмегін тигізіп, беделді азамат болады деген ойдамын”, – деді Алмагүл Кәкімбекова.

    Ал Бақыт Жұмабеков болса, әр істе жастарға үміт артатынын айтты.

    “Сайлау өз деңгейінде өтіп жатыр. “Жас келсе, іске” – дегендей, жастардың әр істің басында жүргені жақсы ғой. Оларға үнемі қолдау қажет. Бүгінгі кандидаттардың барлығы жас болғаны қуантады. Депутаттар ауылды көркейтуге атсалысады деп үміттенеміз”, – деді ауыл тұрғыны.

    Арна ауылындағы №955 сайлау учаскесінде осы уақытқа дейін 30%-дан астам сайлаушы дауыс беріп үлгерген.

    “Бұл аймақта 601 сайлаушы тіркелген. Үйден дауыс беруге 7 адам өтініш берген. Қазір де ауылымыз жақсы. Одан ары дамып, қаламен теңеседі деп ойлаймыз. Бүгінгі сайланған депутат халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге білек сыбана кіріседі деген пікірдеміз”, – деді сайлау учаскесінің төрағасы Қалдықыз Есенбаева.

    Сонымен қатар алғаш рет сайлауға қатысқан Роман Некрасов та өз пікірін білдірді.

    “Менің дауысым ел ертеңі үшін маңызды. Депутат болған адам өз міндетін қалтқысыз атқарып, сапалы жұмыс істеуі қажет”, – деді ол.

    Бүгін арналық 87 жастағы Дәулетбақ Бақбаев та өз таңдауын жасады. Ол үйден дауыс берді.

    Қалалық мәслихат депутатының сайлауында 4 кандидат бақ сынауда. Олар:

    • Руслан Батырбеков – Қонаев қаласының тумасы;
    • Қанат Қалиев – Андреевка ауылында туған;
    • Самат Мухамедьяров – Қостанай облысының тумасы;
    • Ахметжан Савутов – Еңбекшіқазақ ауданында туған.

    Сайлау науқаны кезінде жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты 1 минуттық еске алу үзілісі болды.

    Жалпы 4 сайлау учаскесі бойынша 3530 сайлаушы бар, оның ішінде 40 тұрғын үйден дауыс берушілер қатарында. Барлық сайлау учаскелерінде заңбұзушылықтар тіркелген жоқ.

    Гүлзат Байқонысова

    Ұсынымдар

    Жолаушы тасымалы саласын реттеу жайы талқыланды

    Жолаушы тасымалы саласын реттеу жайы талқыланды

    1 year ago
    Өткен күн ұмытылмасын

    Өткен күн ұмытылмасын

    6 months ago
    ХҚКО мемлекеттік қызметтерді қоғамдық орындарда көрсетеді

    ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді?

    1 year ago
    Алматы облысында жоғары кернеулі 10 станция салынады

    Алматы облысында жоғары кернеулі 10 станция салынады

    12 months ago
    У ПОДВИГА НЕТ СРОКА ДАВНОСТИ

    У ПОДВИГА НЕТ СРОКА ДАВНОСТИ

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.