-13 °c
Qonaev
Wednesday, June 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында жоғары кернеулі 10 станция салынады

    19.06.2024
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Өңір тынысы, Энергетика
    Алматы облысында жоғары кернеулі 10 станция салынады
    0
    SHARES
    50
    VIEWS

    «Тарифті инвестицияға айырбастау» тұрғындар үшін әлеуметтік маңызы бар жоба. Өйткені, тариф — тұрмыстың сапасы мен әлеуметтік жағдайға әсер ететін басты фактор.
    Бұл тіпті Мемлекет басшысының жолдауында да айқындалған. Сол себепті бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аймақтағы тарифті инвестицияға айырбастау тақырыбы көтерілді.
    Аталмыш жоба Алматы облысында жүйелі жүзеге асып келеді. Оған ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті мен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бірлесіп 2022-2026 жылдарға арналған «Қонаев су арнасы» арнайы бағдарламасын бекітілгені дәлел болады.
    Бағдарлама негізінде тартылатын инвестиция көлемі – 1,3 млрд. теңге. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша депатамент басшысы Барлық Төрехановтың сөзіне сүйенсек, бұл қаржыға алдағы таңда 42,6 км желіні жөндеуден өткізу көзделген, ақаулар қалпына келсе, тозған су желілерінің көлемі 80 пайыздан 67 пайызға дейін төмендейді деп күтілуде. Сонымен қатар, тарифті ұлғайту есебінен 168,4 млн.теңгеге «Талғар су» МКК үшін де инвестициялық бағдарлама әзірленді. Жоспар жүзеге асқан жағдайда, 16 км су желісі жөнделіп, желілердің тозу деңгейі 21 пайызға дейін азаяды деп жоспарлануда.
    «Тарифті инвестицияға айырбастау» жобасына кіретін тағы бір бағыт – электр энергиясының тарифтері. Қазіргі кезде облыста электр тарату желілерінің ұзындығы 22,1 мың км құрайды, аталмыш желілердің 70%-ға жуығының тозығы жеткен. Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басшысының орынбасары Ракеш Байжұматовтың айтуынша, желілерді жөндеудің бірден-бір жолы тариф құнын өсіру. Сәйкесінше, өңірде «Тарифті инвестицияға айырбастау» жобасын іске асыру тиімді болмақ, осының негізінде Алматы облысында қытайлық TBEA компаниясымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы жаңа 10 жоғары кернеулі қосалқы станция салынады. Жоба құны 100 млрд. теңгеден асады.
    Бүгінде облыс әкімдігімен Қазақстан Республикасы Президентінің «тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын орындау мақсатында инвесторларды тарту ісі жалғасуда. Осылайша салынған инвестицияларды тариф есебінен қайтару үшін жұмыстар жүргізілуде.

    Ұсынымдар

    Мықты қазақ

    Мықты қазақ

    1 year ago
    Іле ауданында жаңа мектеп ашылды

    Іле ауданында жаңа мектеп ашылды

    1 year ago
    Спорт саласының өкілдері марапатталды

    Спорт саласының өкілдері марапатталды

    2 years ago
    Назым Қызайбай Париж Олимпиаадасында қол медаль иеленді

    Назым Қызайбай Париж Олимпиаадасында қол медаль иеленді

    11 months ago
    Бас ұстаздар баспасөзді қолдайды

    Бас ұстаздар баспасөзді қолдайды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.