Перейти к содержимому

Қауіпсіз болашақ

30 қаралым

Кегендегі С.Серкебаев атындағы мектеп-гимназияда білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түсіндіру жұмыстары барысында білім алушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері, оның адам өмірі мен психологиялық жағдайына тигізетін кері әсері, құқықбұзушылыққа жол бермеу және өзгенің құқығы мен ар-намысын құрметтеу туралы маңызды ақпараттар берілді. Сонымен қатар оқушыларға қандай да бір қиын жағдайға тап болған кезде үнсіз қалмай, ата-анасына, сынып жетекшісіне, мектеп психологіне немесе тиісті мамандарға жүгіну қажеттігі түсіндіріліп, көмек сұраудың әлсіздік емес, керісінше өз қауіпсіздігін қорғауға бағытталған дұрыс қадам екендігі атап өтілді.
Мектеп ұжымы үшін әрбір баланың өмірі мен денсаулығы, құқығы мен қауіпсіздігі – басты міндеттердің бірі. Осы бағыттағы профилактикалық және тәрбиелік жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
Әр бала зорлық-зомбылықсыз ортада өмір сүруге, білім алуға және бақытты балалық шақты сезінуге құқылы.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы

↑