-13 °c
Qonaev
Saturday, May 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қазақстанда ерлерден әйелдер көбірек – Халық санағы

    30.10.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Демография, Денсаулық, Идеология, Өңір тынысы
    Қазақстанда ерлерден әйелдер көбірек – Халық санағы
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Қазақстандағы әйелдер саны ерлер санынан бұрынғыдай басым. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы жариялаған 2021 жылғы халық санағының түпкілікті қорытындысында айтылды.

    2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша елімізде әйелдердің саны ерлерден жарты миллионға (536,3 мың адамға) артық болды. Пайызбен айтсақ, жалпы халық санындағы ерлер үлесі – 48,6% (9 324 840 адам), әйелдердің үлесі – 51,4% (9 861 175 адам) құрады. Алдыңғы санақпен салыстырғанда ерлер саны 1,6 млн, әйелдер саны 1,5 млн артты, Қазақстанда 1000 әйелге 946 ерден келеді.
    “Демография ерекшеліктеріне байланысты 36 жасқа дейінгі ер адамдар саны әйелдерге қарағанда көп, содан кейін ғана олардың саны арақатынасқа салғанда азая бастайды (36 жастан асқан әйелдер саны 736 мың адамға көп). Бұл ретте ерлер мен әйелдердің арақатынасы тек екі өңірде – Қызылорда және Түркістан облыстарында көп, онда 1000 әйелге сәйкесінше 1006 және 1027 ер адамнан келеді.
    Алдыңғы санақпен салыстырғанда 15-19 жас және 20-24 жас аралығындағы әйелдер мен ерлердің саны азайғанына назар аударуға болады. Бұл 2009 жылғы халық санағы кезінде 20-24 жас аралығындағы топта туудың ең жоғары кезеңі – 1980-жылдардың екінші жартысында туған ұрпақтың болуымен байланысты”, – деп жазды Ұлттық статистика бюросы.

    Ал 2021 жылы бұл жас санатын 1990 жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында дүниеге келген туу көрсеткіші төмен болған ұрпақ алмастырды. Сол сияқты 15-19 жас санаты бойынша 2002-2006 жылы туған ұрпақ 1990 жылдардың бірінші жартысындағы ұрпаққа қарағанда аз.
    2009 жылғы санақпен салыстырғанда 55-59, 60-64 және 65-69 жастағы ер адамдар саны сәйкесінше 50,2%, 117% және 69,5% айтарлықтай өсті. Осы жастағы әйелдер саны да 2009 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 38%, 105,9% және 58,3% өскен. Аталған жас тобындағы халықтың өсуі орташа өмір сүру ұзақтығының артуымен, өмір сүру жағдайларының жақсаруымен байланысты.

    Ұсынымдар

    АМАНАТҚА АДАЛДЫҚ

    АМАНАТҚА АДАЛДЫҚ

    3 weeks ago
    «Премиум» балабақша ұжымы АЭС құрылысын қолдайды

    «Премиум» балабақша ұжымы АЭС құрылысын қолдайды

    8 months ago
    Халықтық штаб Алматы облысындағы ірі кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті

    Халықтық штаб Алматы облысындағы ірі кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті

    8 months ago
    Киелі Талхиз өңірінде “Бәйге” федерациясының алқа жиыны өтті

    Киелі Талхиз өңірінде “Бәйге” федерациясының алқа жиыны өтті

    6 months ago
    Талдықорған авиабазасына Сергей Луганскийдің есімі берілді

    Талдықорған авиабазасына Сергей Луганскийдің есімі берілді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>