Қазақстан Әділет министрі Азамат Есқараев Алматының апорты Қазақстан бренді ретінде тіркелгенін мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.
«Апорт жөнінде Қазақстанға географиялық көрсеткішті тіркегенімізді қуанышпен хабарлаймын. Оның Алматыда, Қазақстанда шыққанын географиялық тұрғыда көрсеттік. Бұл жұмыс 2023 жылдың 13 қазанында жүрді. Қазір апортты халықаралық бренд ету жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ол үшін тиісті қауымдастық Франция, Польша секілді дамыған елдерге жергілікті алмаларды экспорттау үшін материалдарды жеткізуде», – деді Әділет министрі Үкімет жиыны арасындағы үзілісте.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының апортын ұлттық бренд ету керек екенін айтқан еді.