Белгілі бір жастағы еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттің зейнетақымен қамтамасыз етуі туралы мәселелер қызықтырады: зейнетке қалай шығуға, тиесілі зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қалай санауға болады және тұтастай алғанда зейнетке шыққан азаматтар үшін қандай мемлекеттік қолдау жүзеге асырылуда?
Егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар зейнетақы төлемдерін алуға құқылы.
Қазіргі уақытта Қазақстанда базалық, міндетті және ерікті деңгейден тұратын көп деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді.
Бірінші деңгейі (базалық) – зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтарға, сондай-ақ республиканың аумағында тұрақты тұратын адамдарға тағайындалатын және ынтымақты немесе жинақтаушы зейнетақы алуына қарамастан жүзеге асырылатын мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап Жолдауды жүзеге асыру мақсатында оны тағайындау әдістемесі өзгерді. Жаңа базалық зейнетақы тағайындау тетігі мынадай болады:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 60 пайызы мөлшерінде, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің он жылдан асқан әрбір толық жылы үшін 2 пайызға ұлғайтыла отырып, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 100 пайызынан аспайтын мөлшерде;
Екінші деңгей (міндетті) :
1) 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жасалған 6 айдан кем емес еңбек өтілі болған кезде республикалық бюджет есебінен төленетін ынтымақты зейнетақы;
2) қызметкерлердің зейнетақы жинақтарының қаражаты есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ) төленетін төлемдер.
Үшінші деңгей (ерікті) – салымшылардың өзінің бастамасы бойынша БЖЗҚ-ға және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына өзі үшін немесе үшінші тұлғалар салатын ақша. Олардың мөлшерлемесі, төлеу кезеңі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартпен анықталады.
« Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі» ҚР Заңының 207-бабына сәйкес» 2023 жылдын 1 каңтарынан бастап ерлердің зейнетке шығу жасы – 63 жасты, әйелдер үшін – 61 жасты құрайды.
Әйелдердің зейнеткерлік жасының кезең-кезеңмен көтерілуі:
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанда
2029 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толғанда
2030 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанда
2031 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі
Бұдан ерте жаста шығу келесі адамдар үшін қарастырылған:
1) Төтенше және ең жоғары радиациялық қатері бар аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз – 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың “Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтар:
ерлер – 50 жасқа толғанда
әйелдер – 45 жасқа толғанда
2) 5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша бойынша PR- менеджері