-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тиісті шешім қабылданды

    11.12.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Тиісті шешім қабылданды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

          Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХХ сессия­сы өтті. Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев, облыс­тық ардагерлер ұйымы мен қоғамдық кеңес төрағалары, құқық қор­ғау органдарының, де­пар­таменттер мен бас­­қар­малардың бас­­шы­лары, онлайн режимде аудан әкімдері, мәслихат төрағалары қатысты. Сес­сия отырысын облыстық мәслихаттың төрағасы Қуат Байғожаев ашып, жүргізіп отырды.

    Сессияның күн тәртібінде 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгеріс енгізу және Қонаев қалалық саябағына Бердібек Соқпақбаевтың есімін беруді республикалық оно­мастика комиссиясының қарауына ұсыну мәселелері қаралды.
    Бірінші мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Асылан Ораздың баяндамасы тыңдалды. Асылан Саматұлы баяндамасында тиісті салалар бойынша қосымша қажеттіліктер үшін қанша қара­жат қарастырылғанына халық қалау­лыларының назарын аударды.

    Баяндамашының мәліметіне сүйенсек, 11 айдың қорытындысы бойынша, бюджетті талдау нәтижесінде күтілетін шығыс бөлігінің орындалмауына байланысты жоспарланған кіріс бөлігіндегі меншікті кірістерді 6,0 млрд теңгеге, мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруды 2,2 млрд теңгеге азайту және бюджеттік несиелерді өтеуді 1,4 млрд теңгеге ұлғайту ұсынылады. Сонымен қатар жергілікті бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында қайта бөлу туралы ұсыныс берілді.
    Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз облыстық тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасының басшысы Данияр Ахметовке берілді.
    – Биыл көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толғаны баршаға мәлім. Осы орайда жазушының еңбегін ұлықтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатындағы жұмыстар жоспарланған. Биыл 9 желтоқсанда өткен облыстық ономастика комиссиясының отырысында Қонаев қалалық саябағына Бердібек Соқпақбаевтың есімін беру туралы шешім қабылданды. Сонымен бірге биылғы жол картасына орай Еңбекшіқазақ, Талғар, Ұйғыр, Іле аудандарындағы құрамдас бөліктерге атау беруді қайта қарау туралы ұсыныс та комиссия мүшелерінің қолдауына ие болды. Осыған байланысты аталған мәселелер облыстық мәслихат сессиясына ұсынылды, – деді Данияр Дүйсенбіұлы сөзінің соңында.
    Сессия барысында күн тәртібіндегі мәселелерді толық қараған депутаттар 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгеріс пен Қонаев қаласының қалалық саябағына Бердібек Соқпақбаев есімін беру бойынша ұсыныс енгізуді қолдап дауыс беріп, тиісті шешімдер қабылданды.
    Сессия отырысын облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев қорытындылады.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Орнында бар – оңалар

    Орнында бар – оңалар

    1 year ago
    Алматы облысындағы бірнеше ауылда ауызсу бағасы арзандады

    Алматы облысындағы бірнеше ауылда ауызсу бағасы арзандады

    2 years ago
    Жаңа зауыт салынады

    Жаңа зауыт салынады

    10 months ago
    Тал егу – сауапты іс

    Тал егу – сауапты іс

    2 months ago
    Сақтықта қорлық жоқ!

    Сақтықта қорлық жоқ!

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.